Соңғы жаңалықтар

Көк жөтел ауруы жайлы.

26 сәуір 2024 ж. 81

№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » МАРАДОННАМЕН КЕЗДЕСКЕН ҚАЗАҚ БАЛАСЫ НЕ ДЕДІ?

МАРАДОННАМЕН КЕЗДЕСКЕН ҚАЗАҚ БАЛАСЫ НЕ ДЕДІ?

Әйгілі аргентиналық футболшы Диего Марадонамен доп теуіп, футбол ойнаған қазақ баласы желіге жазба қалдырып, көпшілікті жылатты. Бұл туралы Nur.kz порталы хабарлайды.
Өмірге екі аяқсыз келген балақай бұған дейін арнайы протездің көмегімен жүріп-тұрып, тіпті, футбол ойнап та жүріпті. Алайда есейіп, Әлидің бойы өскендіктен ол протездері жарамсыз болып қалған көрінеді.
Десе де батыр балақай ол үшін мұңаятын емес. Ол әйгілі Марадонамен кездесіп, онымен тіпті доп теуіп те көріпті. Футболшымен кездескеннен кейін көптеген достар тапқанын айтқан ол өзінің Instagram парақшасына жан тебірентерлік жазба қалдырды.

«Көпшілік мені танып, құшақтап, суретке түсетін болды. Шынымды айтсам, мен оған қатты таң қалдым және оған өте қуаныштымын.
Бұрындары адамдар маған ұзақ қарағанда маған ол көп ұнай бермейтін, өзімді өте ыңғайсыз сезінетінмін. Анама «неге олар маған осылай қарайды» деп ренжитінмін. Ал қазір бәрі басқаша. Мен оны сеземін! Бастысы менің достарым мен парақшамда оқырмандарым көбеюде», - деп жазба қалдырған ол.
27 сәуір 2018 ж. 918 0