№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Байлыққа құнығып, өзгеге өлім тілеген қария

Байлыққа құнығып, өзгеге өлім тілеген қария


Жер бетінде бір әмірші өмір сүріпті.
Күндердің күнінде оған жендет қажет болып,
- "Әміршіге жендет керек",
деген хабар жер-жерге тарап кете барады.
Бірақ білек сыбанып ешкім шыға қоймайды.

Билеуші,
- енді жендеттіке келісім берген адамға жыл сайын,
- ат басындай алтын беретінін жария етеді.

Бұл хабар бір күні сол өңірде ұрлық- қарлығымен аты шыққан адамның құлағына жетеді.
Ол жұрттан оқшау,
- он жеті-он сегіздер шамасындағы жалғыз ұлымен сор-батпақтың ортасындағы шағын құрғақ алаңқайда тұратын еді.

- "Ақыны алтынмен төлесе,бірер жылда байлықтың астында қаламыз,қане балам,жинал,- деді әкесі.
- Менің қуатым баяғыдай емес,
Мұндай іске басты бір шапқанда домалатып жіберетін бұла күш қажет,ол бұла күш-мына сен.
Құдай жарылқағанда сені өте пайдалы кәсіп шақырып тұр,көгершінім". дейді әкесі

"Адамның басын қалай шабамын, - әке.
Құдайдың қарғысына ұшырамаймыз ба - ?", - дейді баласы.

Әкесі ;
- "Ұшырамайсын.
Құдай қарғысы
- әмір бергенге,сен тек сол құдіреттің еркін орындаушысы ғанасың".

Баласы ;
- "Бәрібір қорқам".

Әкесі ;
- "Қаперіңе де алма.
- Құдіретті билеуші бәрін өзі көтереді.
- Құдіретті билеуші бұйырса,
- құдайдың өзінің де басын шауып жіберсең,
- кәсібіңнің жөні сол,
- Жинал,ұлым,
- кешігіп қалмай елден бұрын жетейік". дейді

Шал жалғыз ұлын өз қолымен жетелеп әкеліп әміршінің қолына берді.
Ағып айлар,жылжып жылдар өтіп жатты.
Шалдың ұлының қолымен талай бас домалады.
Әкелі-балалы әбден байып дәулетке кенеледі.

Шал тәңірісінен күндіз-түні
- "өлім жазасына кесілгендер санын,соның ішінде үкімді бас шабу арқылы орындауды көбейте гөр"деп тіледі.

Бірде әміршінің қазынасынан асыл тастар ұрланады.
Әмірші оны ұлына келіп-кетіп жүретін әлгі шалдан көріп,бейшараны өлім жазасына кесті.Үкім басын шабу арқылы орындалсын деді.
Бас шабатын ағаш жанында әке мен бала.
"Иманынды үйір әке,
- деді жендет көзі қанталап.

-Тәңірден кешірім сұрап,о дүниеден кеңшілік дәмет".
"Мен тіпті де айыпты емеспін ғой,ұлым.
Оны өзің де білесің".
- "Мен ештене білмеймін,
- мен әміршінің еркін ғана орындаймын".

"Өз әкеңнің басын,
- шынымен шапқалы тұрсың ба ұлым - ?"

"Әміршінің еркі... "
- жендет зілдей айбалтаны көтеріп алады.

"Ұлым..."
Айбалта жалғыз рет жарқ етті де,
- шалдың басы жерге ұшып түсіп,ақиған көзі баласына қадалған қалпы әлдеқайда домалап бара жатты...
Ең қауіпті жау,
- ойсыз орындаушы.
- Неге, - не үшін деп жатпайды.

Несіпбек Дәутаевтың "Құдірет пен Қасірет "романынан үзінді.
10 ақпан 2020 ж. 1 251 0