№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ШҮКІРШІЛІК МҰСЫЛМАННЫҢ СИПАТЫ

ШҮКІРШІЛІК МҰСЫЛМАННЫҢ СИПАТЫ

Мұса пайғамбардың (а.с.) уақытында бір кедей өмір сүріпті. Бірде әлгі кедей Мұсаға келіп, «Алладан маған байлық сұрашы» деп жалыныпты. Сол кезде Алла тағала Мұсаға (а.с.):
«Мен бұл құлымның ендігі қалған жарты өмірін бай, жарты өмірін кедей етейін. Бірақ алдымен байлықты қалайды ма, әлде кедейліктің зарын тартып, кейіннен байығысы келе ме өздері таңдасын!» деп уахи етеді.
Мұса пайғамбар кедейді шақырып, Алла оларға таңдау еркін бергенін жеткізеді. Кедей бәйбішесімен кеңесуді жөн көріп, көп өтпей қайта оралады. Бәйбішесі алдымен бай болуды қалапты. Шалы әуелі кедейлікті көрсек, кейінгі байлықтың қадірін білер едік, өйткені байлықтан кейінгі кедейлік тым ауыр тиер, десе де ақыр соңында екеуі алдымен бай болуды таңдапты.
Көп өтпей кемпір мен шалдың тұрмысы әжептәуір оңала бастайды. Бір күні бәйбішесі отағасына:
– Құдайға шүкір, жұрттың алды болып өмір сүріп жатырмыз, мен мына байлығымыз бізге баянды болса деймін. Ол үшін кедейлерге көмектесіп, қолдан келген көмегімізді жұрттан аямайық, – дейді. Сөйтіп екеуі елге қатты қарайласа бастайды. Уақыт зымырап өте берді, кемпір мен шал жоқ-жітікке қамқор болып күндерін кеше берді. Ақырында шалдың бай болып өмір сүретін уақыты аяқталуға жақындайды. Сол уақыттарда күтпеген жерден Алла тағала Мұса пайғамбарға (а.с.) былай деп уахи етеді:
«Әй, Мұса, Мен әлгі құлдарымның жарты өмірін кедей, жарты өмірін бай еткен едім. Олар алдымен байлықты таңдаса да, жомарт мінезді, қайырымды бай бола білді. Берген нығметіме шүкіршілік ете білді. Кедей-кепшіктен қамқорлығын аямай, елдің ықыласына бөленді. Енді оларға мынадай сүйінші хабар айт, осы жомарттықтары үшін Мен олардың қалған өміріне де бай болуды жаздым!».
17 ақпан 2019 ж. 1 391 0