№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Дауылға қарсы тұра алатын адам!

Дауылға қарсы тұра алатын адам!

 Ақтаңдақтар айналып ақиқата,
Аштық қуғын жырларын білдік жатқа.
Зұлымдықтың пердесін қақ айырған
Еркіндіктің семсері шындық жақта..
ХХ ғасырдың дауылды толғағы қазақ елі мен қазақ әдебиетіне бір туар ер азамат –Әбджәміл атамды алып келді. Елдің тағдыры , салт-дәстүрі, діні-ділі үшін шыр етіп өмір есігін ашқан абыз –қарт бүгінде 95 жаста.
Бодандық пен бұғаусыздықтың көшін құраған қазақтың бір туар азамттарын ерекше бір төбе етіп дарлай аламын.  Мен үшін Бауыржан атам бір төбе болса, Әбджәміл атам ереше бір төбе. «Елім» деп, еміренген ерімнің жай-күйі, арманы- туған жеріндегі «экологиялық» апаттың халықтың жүрегімен үндесуінде еді.  Абыз атамның кіндік қаны тамған жері- шалқыған қарт Арал теңізінің жаны.Еркіндіктің семсері шындыққа бағыттаған атамыздың   шығармаларының тілі де болмысы да бөлек.
         Жазушының романдарын талдауға әдеби сыншы да, білгір де емеспін. Тілге тиек етуге қаhымда жоқ. Шығармаларын сүйіп оқитын оқырманы ретінде ой өрбітіп өтсем деймін.
Әбдіжәміл Нұрпейісовтың "Қан мен тер" трилогиясы Арал теңізі бойында өмір сүретін балықшылар өміріне құрылған, 200-ден астам кейіпкерлері ауыр тағдыр иелері болғанымен, олар – қайғыны қасқая тосып, еңсесін түсірмейтін азаматтар. Кітаптың әр бетінен теңіз бен жусанды дала, ауыл түтінінің иісі аңқып, қысқы аяз бен жазғы ыстықтың лебі еседі.Романды оқи отырып, теңіз балығына, қасиетті теңізге жасалған қастандықтың жоспары сезіледі.  Шығарма кейіпкерлері балық аулап, мал жайып, өлгендерін жоқтап, шайқасқа аттанып, ғашық болып, отбасын құрып, әрдайым күресіп, өзінің және өзгелердің бақытын аңсап өмір сүреді. Тәңірбергенді өз тәубесіне түсіріп, іштей өзінің жігерін, өзіне құм еткізіп ішкі оймен тартысқа түсуі, жазушының «қара тілді қақ жарған» сөз мергені екенін мойындатады.
Жазушы буырқанған теңізге жасалған қиянатты сезді, қол үшін беру керек деп үндеу жасады.
«Соңғы парыз» романының атауының өзінде  қандай ауыр жүк пен  аманаттың тұрғанын түсінсең, адами капиталдың құрдымға кеткенін сезесің. Адамзат баласының құндылықтардан жұрдай бола бастағаны үшін, жазушының жан айқайын естисің.
Романдағы  оқиға дүйім жұртты дүр сілкіндірді. Тұнып тұрған тәрбиеге толы бұл романың жастарға берері мол, құнды дүние. Романдағы Жәдігер, Бәкизат, Әзім, Сары шаян образдары арқылы ұсақталған ерлер бейнесі, қызбалыққа салынып, нәпсісін тия алмаған әйел образдары арқылы халықтың қараңғылықпен қоса безбүйректікке бой алдырғанын сынай отырып, жастарға күш-жігер беру мақсатында ой өрбітеді.
Бәрінен бұрын теңіз бен бірге тартылып, тарылып кеткен адамның пиғылы туралы ой көкірегіңе келіп қонғанда, Әбджәміл атамның меңзеген ойын ұғынасың.
         «Халқының шуақты күндерін армандаған абыз-жазушымыздың арманы орындалды ма?» деген сұрақ үнемі көкейімде жүреді.
Ел -өзінің тұңғыш президентін сайлады.  Ел -Тәуелсіздік таңына қол жеткізді. Ел – өшкенін қайта тірілтті. Ел- болашаққа сеніммен, үмітпен қарады. Ел-жақсылыққа ұмтылды. Ел-адами құндылық пен имандылыққа бет бұрды. Ел-теңіздің иісін сезді. Ел-жігерлі де саналы жастар тәрбиеледі. Ел- Мәңгілік Елдің тұғырын биіктетті. Ел-арманына жетті. Әбджәміл атамныңда арманы осы еді. Атақ-даңқ қуып, мақтанды сүймеген абыз-атама қайтарым сый болуы керек. Ғасыр жасап келе жатқан, «Тірі әулиеге» бас имейтін адам жоқ. Бұл тек, әшейін ғана сөз емес екенінде білеміз.
«Таудан мұнартып ұшқан тарланым, Саған ұсынсам қолым жетер ме..» деген,  Махамбет бабамның үзінді өлеңіндегі досы Исатайды «тарланға» теңеуін , абыз-жазушыға да бағыттасақ артық болмас еді. Ер есімі-ел есінде мәңгілікке қалу үшін,«Алтынды» қолда барда қадірлеу керекпіз. Жаңалыққа жаны құмар жанның бірімін. Әсіресе, жақсылықты  жаным сүйеді.
Ұлттық әдебиетті дамытудағы айрықша еңбегі үшін жазушы Әбдіжәміл Кәрімұлы Нұрпейісовке жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілсін», - деген Қаулыны оқи сала қуандым. Мен ғана емес, барша еліміз қуанды. Мұндай баға - буырқанған теңізі бар Арал жұртшылығына да үлкен қуаныш, мәртебе.
Ғасырға  толы тарихы бар Әбджәміл атамның ізі мәңгіге қалды. Келер ұрпақтан жақсылық пен үміт күтуге боларлық үлгілі іс жасалды.
Алақайлап келген жаңалығым,
 Құтты болсын халайық,
Армандарды асқақтаған
Шындықпенен  сынайық.
Ақиқаттың семсерінен үлгі алып
Тек жақсылық, тек қуаныш жырлайық.
 Халқы үшін туылған қазақтың  дарабоз баласын, данагөй  қариясын«Дауылға қарсы тұра алатын нар тұлға деп айтамын.
№260 мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Кемалова Аида Жанабаевна

28 қазан 2019 ж. 674 0

Ұқсас жаңалықтар: