№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қонақ аз отырып, көп сынайды...

Қонақ аз отырып, көп сынайды...

Бабамыз Мөңке бидің қонаққа қатысты мына теңеулері есіңізде ме? Бірде, Мөңке биді көруге құмар болған бір жігіт, ол кісіні үйіне іздеп келген екен. Есіктен кірген жігітке Мөңке: – Түлкім, жоғары шық, – дейді. 

Шай келеді. Бір аяқ шай ішкен кезде, Мөңке: – Сыншым, сөйле, – дейді. Жігіт түсінбей отыра береді.
Жігіт кетер кезде: – Жыршым, енді рұқсат, үй-ішіңе жет, ел-жұртыңа сәлем айт! –дейді. 
Жігіт сонда сауал қояды: – Сіз маған үш сөз айттыңыз. Осы тұспалдарыңызды мен түсінбедім. Нені меңзедіңіз? – деп. 
Мөңке сонда: – Түлкі ұқсап құбылып келдің. Әр мейман кірер кезде сен сияқты толқып келетіндіктен, соны айттым. Қонақ біраз отырған соң үйдің оң жақ, сол жағына қарап сынай бастайды. «Сыншым» дегенім сол. Қонақ үйден аттанғанда көрген-білгенін жыр қылып айта жүреді. «Жыршым» дегенім – сол, – деген екен. 
Рас, қонақ қобалжып кіреді. Есікті қалай ашқан сәтіңізден бастап, қарсы алғандағы қас-қабағыңыз, әрбір кішкене әрекетіңізге дейін мейманға үлкен әсер қалдыратыны сөзсіз. Дана халқымыз: «Асыңа тойғызбасаң да ақ ниетіңе тойғыз», "Қонақ асқа емес, сөзге мейман" деп бекер айтпаған. Алла дәрежемізді көтеріп, мейманымыз мақтай жүрсін десек, кемел дінімізге кір келтірмейін десек, «қонақтың аз отырып, көп сынайтынын» ескеріп, құрмет көрсетуде аянып қалмағанымыз жөн-ақ...


25 қазан 2019 ж. 733 0