№97 (8808) 7

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (8806) 30

30 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Ұры оқушы

Бірде мектеп мұғалімі, шәкіртінің үйлену тойына қонақ болып барады. Сол жерде бұрын мектепте оқыған оқушыларды көреді.
Бірін таниды, бірін танымайды, жамырап келіп амандасып жатты. Бір жігіт келіп: "Мені таныдыңызба?"-дейді. 
Мұғалім: "Жоқ"-дейді. 
Жігіт: "Шынымен танымадыңызба?-деп, таңқалады да, мына оқиғаны мұғалімнің есіне салады: "Мен әлгі кезінде сағат ұрлаған оқушымын ғой" -дейді. 
Мұғалім : "Сондада танымадым"-дейді. 
Жігіт оқиғаны баяндайды. Мен сыныптағы бір баланың сағатына қызығып, ұрлап алған едім. Содан ол бала сізге айтып, артынша тексеріс басталды. Сіз оқушыларды теріс қаратып, көздерін жұмғызып қойып шетінен біртіндеп тексередңіз. Барлығын тексеріп шығып, орындарына отырғызып сағатты иесіне тапсырдыңыз. Сол кезде мен біткен жерім осы деп, ұялып, кірерге тесік таппай, енді ешқашан ұрлық жасамаймын деп өзіме серт берген едім. Сол күйі сағатты ұрлаған оқушы жұмбақ болып қала береді. 
Жігіт:"Сағатты ұрлаған мен едімғой, әлі есіңізге түспедіме?"-дейді. 
Мұғалім:"Оқиға көкірегімде сайрап тұр, ол кезде мен де оқушыларды көзімді жұмып, тексерген едім"-дейді. Кейде біреудің кемшілігін елемеу, көрсеңде көрмеген кейіп таныту өзіндік жемісін береді. Ал бізде...
23 қазан 2019 ж. 807 0