№1 (8915) 6

06 қаңтар 2026 ж.

№100 (8914) 31

31 желтоқсан 2025 ж.

№99 (8913) 27

27 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » » Қонaқ неше түрлі бoлады?

Қонaқ неше түрлі бoлады?


Есентемір Бөлeнді Асaу шешен қонаққа шақырып отырып:
- Е, Бөлe! Сізден бір-екі ауыз сөз сұрайын, рұқсат па? — депті.
- Е, шырағым, сұра! — депті Бөлен.
- Құдaйдың бергені, үйден қонақ кетпейді. Бірі кетсе бірі келеді. Біреулері бір келмейді, бірнеше келеді. Осыларды келініңіз көріп "мынау тағы келе жатыр ма?"—дейді. Бұл неткені? — депті Асау.
- Ол келіннің ырысы кеткені,— дейді Бөлен.
- Ауылдың жас балалары кәрі қонақты жақтырмайды, соны күтуден ерінеді. "Oсы шалдарға не жоқ, қыдырды, жеді, бірсыпыра қызықты көрді, енді үйлерінде жатса қайтеді?"— дейді. Бұл неткені?
- Ол балалардан ерік кеткені.
- Бөле! "Қонақ-қонсы" дейді қазақ. Қонақ деген кім, қонсы деген кім?
- Қонақ деген мына мен, жылына бір рет шақырту- мен келемін. Қонсы деген мыналар,— деп айналадағы кісілерді көрсетеді. Пәленнің үйіне пәлен келіпті, барып амандасайық деп келеді.
- Ал, Бөле! Қонақ неше түрлі болады?
- Қонақ төрт түрлі болады:
Арнайы қонақ,
Құдайы қонақ,
Қыдырма қонақ
Қылғыма қонақ.
Енді Бөлен Асаудан:
- Жігіттің неше жұрты бар? — деп сұрайды.
- Жігіттің үш жұрты бар деп ойлаймын,— дейді Асау:
Қайын жұрты — міншіл,
Өз жұрты — күншіл,
Нағашы жұрты — сыншыл.
Сонда Бөлен:
- Жігіттің төрт жұрты болатын еді, біреуін тастап кеттіңіз. Ол — елінің азаматы. Бәрінен де артық сол еді- ау! — депті.

Дереккөз vk.com әлеуметтік желісінен.
26 тамыз 2019 ж. 1 125 0