№49 (8863) 5

05 шілде 2025 ж.

№48 (8862) 1

01 шілде 2025 ж.

№47 (8861) 28

28 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Медиация тәртібімен татуласуына байланысты жауаптылықтан босатылды

Медиация тәртібімен татуласуына байланысты жауаптылықтан босатылды


Қылмыстық іс құжаттарына сәйкес, сотталушылар У мен О 2017 жылдың желтоқсан айында адамдар тобы болып алдын ала сөз байласып, бөтеннің мүлкін жымқырып, пайда табу мақсатында Жаңақорған ауданы, Байкенже ауылының оңтүстік беткейінде орналасқан «Б» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің меншігіндегі мыс металынан жасалған жалпы ұзындығы 60 метр электрокабельдерін ұрлап, соның салдарынан жәбірленушіге 144 000 теңге материалдық зиян келтірген.
Сот қаулысымен сотталушылар У мен О-ның жәбірленуші өкілі К.-мен Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңының тәртібімен татуласып, келген зиянның орны толуына байланысты Қазақстан Республикасы ҚК-нің 68-бабының 1-бөлігінің талаптарына сай, қылмыстық жауаптылықтан босатылып, оларға қатысты Қазақстан Республикасы ҚК-нiң 188-бабы 2-бөлігі 1-тармағымен айыпталған қылмыстық іс өндірісі тоқтатылды.
Қаулы заңды күшін енген жоқ.
М.Дәріқұлов,
Жаңақорған аудандық сотының жетекші маманы.
10 қаңтар 2018 ж. 1 431 0