
Құлан қандай жануар?
Құлан – жылқыға ұқсас тұяқты жануарлар тобына жататын айрықша қорғауға алынған жануар. Құланды ел арасында жабайы жылқы деп те атайды. Дегенмен жазық далада үйір-үйірімен тіршілік ететін бұл жануардың еті адал әрі өте дәмді келеді. Сондықтан да аңшылар құланды есепсіз ату салдарынан құртып жіберуге аз қалған....







