№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ ТӨЛ ҚҰРДАСЫ

ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ ТӨЛ ҚҰРДАСЫ

  27 жыл бұрын қазақ елі сан ғасыр арман болған азаттыққа қол жеткізді. Тілегі бір, рухы асқақ алаш жұрты Тәуелсіздіктің тойын 1991 жылдың 16-желтоқсанында тойлады. «Егеменді ел болдық» деп ел қуанып жатқанда Құлмырзаевтар шаңырағы ұлды болуын сүйіншіледі. Қос тойы қабат келіп жатқан әулетке келген маңдайы торсықтай ұлға әжесі халықтың ұлы болсын деп «Нұрсұлтан» есімін береді. Бүгінде ол қазақпен бірге 27 жылды еңсеріп, келешекке нық қадам басып, арман жолында алға өрлеуде.

   Түймебай Құлмырзаев пен Зүбайра Омарованың отбасында екі ұл, екі қыздан кейін дүние есігін ашқан Нұрсұлтанның бойынан кішкентайынан алғырғырлық пен ізеттілік байқалады. Егемендікпен құрдас оның өн бойынан одан бөлек батылдық, кішіпейілдік пен қарапайымдылық қасиеттер қатар ұштасып жатыр. Бала Нұрсұлтан бүгінде тепсе темір үзетін, жалынды жас болып ер жетті.
Ол білім табалдырығын №163 орта мектепте аттайды. Бала кезінен темір тұлпарға телміріп өскен Нұрсұлтан өсе келе ағаларымен бірге көлік жөндеуді үйрене бастайды. Көп өтпей өзі де кез келген көлікті жөндей алатын дәрежеге жетеді. Мектеп қабырғасын бітіргеннен кейін Отан алдындағы борышын өтеуге әскерге аттанады. Павлодар қаласында әскер қатарында болған ол сол жақта да көлікті тізгіндейді.
– Бала кезімнен техника тілін түсініп, болашағымды осы саламен байланыстыруды жөн көрдім. Сол себепті, әскерде де жүргізушілікті мойныма жүктедім, – деген кейіпкеріміз:
– Тәуелсіздікпен түйедей құрдас болу мен үшін үлкен мақтаныш. Әсіресе, ел сөз етіп, марапат биігіне көтерілгенде жігерленіп, күш қайратым жанады. Біз секілді жастар елдің ертеңі, келешек ұрпаққа өнеге көрсететіндей болуымыз керек. Сондықтан, ел үшін маңдай тер төгіп, адал қызмет ету парыз деп білемін, – деді.
Жалынды жас қазір Атырау қаласындағы мұнай саласында жұмыс жасайды. «Жүзігің алтын болғанша, жүзің жарқын болсын» демекші, ол бүгінде үлкен қызметте болмаса да, өзінің іскерлігімен, қарапайымдылығымен қызметте сыйлы, достарының алдында қадірлі. Осындай ер азаматты өмірге әкелген ақ жаулықты ана Зүбайра Омарқызы: «Нұрсұлтан бала кезінен дала жұмысына епті болды. Үйдің еркесі болса да тәртіпті болатын. Қара шаңырақтың егесі болғандықтан жауапкершілікті өзіне артатын едік. Ана жүрегі қашанда балаға тілекші ғой, сондықтан ұлым қайда жүрсе де амандығын тілеп отырамын» – деді.
Айта кетейік, жалпы Қазақстанда 9000-нан астам жас Тәуелсіздіктің төл құрдасы саналады. Оның ішінде жаңақорғандықтар аз емес. Мәселен, Мейірхан Қожанов, Ерасыл Адырбеков, Жазира Жәнібекова, Айман Нұрділлақызы және тағы басқа жастар 1991 жылдың 16 желтоқсанында өмірге келген. Бүгін де олардың әрқайсысы бір-бір саланың жүгін арқалып жүр. Спорт, өнер, мемлекеттік сала немесе біздің кейіпкер сынды өндіріс саласында еңбек етуде. Болашақ жастардың қолында демекші, олардан келешекте ел үлкен үміт күтеді.

  ТҮЙІН. Бүгінде әлем қарыштап дамып келеді. Әсіресе, технологияның дәуірі дүркіреп тұрған кез. Сондықтан, Тәуелсіздік түндігінде, туған жер кіндігінде киелі шаңырағымыздың бірлігінде өсіп келе жатқан Нұрсұлтандай жастар сол ақпарат ағымына сай болуы тиіс. Ол үшін біліммен сусындап, сонда ғана Елбасы бастаған «Мәңгілік Елдің» байрағы ешқашан төмен түспейді. Қайта дамыған елдердің көшін бастайды.

                                                                                                                                           Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ.





15 желтоқсан 2018 ж. 1 137 0