№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫ ЖӘНЕ МЕДИАЦИЯ

ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫ ЖӘНЕ МЕДИАЦИЯ


2011 жылдың 5 тамызында Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» заңы күшіне еніп, кәсіби мереке болып бекітілді. Содан бері медиация институтының дамуы қоғамдық сананы жаңғыртудың бірден-бір жолы саналады. Осы орайда аудан әкімдігі мен аудандық соттың бірлесіп ұйымдастыруымен жергілікті медиаторлар да бұл күнді атаусыз қалдырмады.
Қазақ ертеден дуалы сөзге бас иіп, бір сөзге тоқтаған халық. Өйткені екі адам арасындағы жанжал мен келіспеушілік  көпті көрген билердің көмегі арқылы шешіліп отырған. Небір қайғылы оқиғалардың алдын ала білген. Бүгінде қазаққа ғана тән татуластыру әдісі араға біршама уақыт салып, қайта жаңғырды. Дау-жанжалды бейбіт түрде үшінші тараптың қатысуымен шешу осы күні  «Медиация әдісі» деп аталатыны баршаға мәлім.
Медиация әдісі – дауларды реттеудің жаңа түрі. Ол жанжалдардың алдын алу және оларды сотқа жеткізбей шешу, сол сияқты халықтың құқықтық сауаттылығын нығайтуды көздейді.
Бұл бағытта ауданда атқарылып жатқан жұмыстар аз емес. Ізгі істердің насихатшысына айналған бітімгерлердің салтанатты басқосуы кенттегі «Ордакент» ардагерлер және жастар ресурстық орталығында жалғасын тапты. «Медиатор жұмысы – дауды шешу кепілі» атты тақырыпта өткен алқалы жиынның алғашқы сөз кезегін аудан әкімінің орынбасары Ғалымжан Сопбеков алды.
– Қазіргі заң саласының тәжірибесінде медиа­ция дауларды реттейтін үшінші бейтараптық позицияны ұстанып, дауласушылардың өзара еркін ымыраға келуі үшін барлық жағдайларды жасайтын сала. Нәтижесінде орын алған оқиғалар негізге алынып, барынша әділдік үстемдік құрса деп жұмыс жасайсыздар. Бұның бәрі әрине кәсіби медиаторлардың арқасында іске асатын дүние. Еңбектеріңіз еленіп, жұмыстарыңыз тек өзара сыйластықпен тоқталатын шешіммен іске аса берсін, – деді.
Әкім орынбасарының алғы сөзінен соң, медиация саласының кеңінен дамуына,  тараптарды, дауды бейбіт жолмен реттеуге зор үлесін қосқан  кәсіби медиаторлар марапат төрінен көрінді. Олардың қатарында: Орынкүл Үскенбаева, Оразәлі Жамалханов, Бұғыбай Әлиев, Анарбек Баймұратов, Ақылбек Жәнібеков, қорғаушылар Сәбит Рүстемов, Қасымбек Төлепбергенов пен Гүлзира Убайдаевалар аудан әкімінің «Алғыс хатына» ие болды.
Мұнан кейін  аудандық сот төрағасы Әлия Түбекбаева медиацияның мәні мен маңызына кеңінен тоқталды. «Медиация ұғымы қазаққа жат емес.  Сол себепті медиаторлардың басты мақсаты  қос тарапты бірдей қанағанаттандыратын және дауласушылық деңгейін төмендететін өзара тиімді бейбіт келісімге келтіру. Медиация барысында «кінәлі» және «кінәсіз» деген жақ болмайды», – деп медиация үрдісінің ерекшеліктерін атай келе, аудандық сот ұжымы атынан медиаторларға  шығармашылық табыс тіледі. 
Басқосу барысында Анарбек Баймұратов, Ақылбек Жәнібеков «Медиация немесе дауды баламалы шешудің артықшылығы» жөнінде, медиацияның шығу тарихы, Қазақстанда «Медиация туралы» Заңның қабылдануы, оның жүзеге асырылуы, сот ісін жүргізуде медиацияны қолдану ерекшеліктері жайында баяндама оқыды.
Алқалы жиыннан түйгеніміз, кәсіби медиа­торлардың сөзінше, бүгінгі таңдақоғамда агрессивті мінез-құлықтағы адамдар қатары артқан. Сондықтан көптеген түсініспеушілік мәселенің байыбына бармай жатып, шуға ұласуынан туындайды екен. Осындай шиеленіскен жағдайлардың түйінін шешуге медиация таптырмас құрал болып отыр.
                                      
Лаура БИБАСАРОВА
12 тамыз 2019 ж. 740 0