Жаңақорған ауданында «Медиация күніне» арналған салтанатты шара өткізілді

Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңының қабылдану күні қарсаңында 2019-жылдың тамыз айының 5-күні Жаңақорған аудандық сотының және Жаңақорған ауданы әкімдігінің бірлесіп ұйымдастыруымен кент орталығындағы «Ордакент» ардагерлер үйінде «Медиация күніне» арналған салтанатты жиын өткізілді.
Аталған шараға Жаңақорған ауданы әкімінің орынбасары Ғ.Сопбеков, Жаңақорған аудандық сотының төрағасы Ә.Түбекбаева, сот мамандары,заң консультациясының адвокаттары,Жаңақорған ауданының кәсіби және кәсіби емес медиаторлары, «Билер кеңесінің» мүшелері, аудан көлеміндегі ауылдық округтердің әкімдері, бұқаралық ақпарат өкілдері қатысты.


Шара барысында медиация рәсімінің кеңінен дамуына, тараптарды дауды бейбіт жолмен реттеуіне зор үлесін қосқан кәсіби медиаторлар О.Ускенбаева, О.Жамалханов, А.Баймуратов, Б.Алиев, А.Жәнібеков, аудандық заң консультациясының адвокаттары К.Тулепбергенов, Г.Увайдаева, С.Рустемов Жаңақорған ауданы әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды.
Шара соңы аудан өнерпаздарының мерекелік концертіне ұласты.
Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі