№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Адами құндылық

Адами құндылық

Ел келешегі – бүгінгі ұрпақтың қолында. Сондықтан оларды мектеп қабырғасынан бастап Отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, елді, жерді сүюге, биік намысқа, бауырмалдыққа тәрбиелеудің маңызы зор. Осы бағытта тек тәрбие мазмұнын ғана емес оқыту бағдарламасының жүйесін түбегейлі жаңарту бағытында көптеген жұмыстар атқарылуда. Бұл талаптың басында «Жүз жаңа оқулық» бойынша табанды іс-қимылымыз тұр.
2016-2019 жылдарға арналған Білім беру тұжырымдамасында еліміздің мектептерінде әлемдік білім беру стандартына сай оқыту жүйесін қалыптастыруға қажетті шарттар жүйелі іске асырылып келеді.
Сонымен қатар Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты еңбегінде: білімнің салтанат құруы жөнінде «Білімнің салтанаты жалпыға ортақ болуға тиіс. Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым басты орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді» деп атап көрсетті.
Бүгінгі таңда әрбір мемлекет, әрбір өңір өзінің дербес даму үлгісін қалыптастыруда. Келешектің иесі – жас ұрпаққа біртұтас ұлы ұлттың перзенті екенін ұмытуға әсте болмайды. Олай болса жас ұрпақ бойына Отаншылдық рухты ұялату маңызды. Алдағы оқу жылынан бастап орта мектептерде білімгерлерге «Өлкетану» пәні енгізілмек. Пән бағдарламасы бойынша әрбір оқушы өзі тұратын өңірдің тұтас тарихымен, табиғатымен, әлеуетімен, тыныс-тіршілігімен терең танылуға мүмкіндік алады.
Мұнымен қоса туған жердің тарихына терең шолу жасап, Ұлы далада жылқының қолға үйретілуі, алғаш арба доңғалағының, металл балқытудың, тоқыма ісінің, атқа міну өнерінің пайда болуы, қола дәуірінің әшекейлері, бір сөзбен айтқанда адамзат тарихындағы жаһандық маңызы бар жаңалықтардың туы негізіне шынайы түрде көз жетізуге мүмкіндік алады. Бұған жергілікті жерлерде бүгінге дейін жеткен тарихи ескерткіштер, жылнамалар мен жәдігерлер, яғни археологиялық ақпараттар көзі жеткілікті.
– Балаларға өлке тарихы жөнінде ауызша айту өте жеңіл. Ал ежелгі бабалардың ұстап-тұтынған бұйымдарын, бес қаруын көзбен көруге мүмкіндік берудің әсері бөлек. Бұл ең алдымен баланың бойында туған өлкеге деген патриоттық, ұлттық сананы қалыптастырады. Өйткені жас түлек туған жер тарихы туралы тек естіп қоймайды, оны өзі іс-әрекеті арқылы түсінеді. Компьютерге қадалудан, түрлі бос қиялдан тұратын фильмдерге қызығудан аулақ болады. Олар ерте бастан ғылымға, сараптама жасауға талпынады, – дейді аудандық білім бөлімінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша жұмыс жүргізіліп келе жатқан жауапты маман Гүлімжан Ақын.
– Жыл көлемінде аудандағы барлық білім ошақтарында, сол сияқты мектепке дейінгі тәрбие орындарында еліміз бойынша «Рухани жаңғыру» бағыты бойынша арнайы жасалған бағдарламаны тыңғылықты жүргізіп келеміз.
Қазір жаз айларында «Тау самалы» тынығу лагеріндегі ұландармен тығыз байланыста жұмыс жасап, жүйелі жұмысымызда түрлі жанрда өрнектеп өткізуге мол мүмкіндік туып тұр, – дейді ол бізбен әңгімесінде.
Бағдарлама ауқымы өте кең. Мұның барлығы да Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында айтылған кемел ойлар мен келелі істер аясынан табылумен қатар туған жерге шынайы берілген табанды ұрпақтың табиғаты негіз қалайды.

Баян ҮСЕЙІНОВА
03 тамыз 2019 ж. 679 0