№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Тұғырлы елдің тұмары

Тұғырлы елдің тұмары

       
         

Алаштың анасы атанған Сырымен аттас, қойнауына қанаттана қонақтаған қалың елімен мұраттас, үні де, мұңы да, бір мерзімді басылым – «Сыр бойы» газеті биыл, яғни 2019 жылдың 1 шілдесінде 90 жыл толады.
Алғаш «Ленин туы» деген атпен аудандық деңгейде, 1928 жылы облыс мәртебесінің құрылымдануымен қатар «Ленин жолы» деген атаумен жарық көре бастаған жарияланымның әр жылда басшылық еткен редакторларына тоқталсақ, олар: Жиенғали Тілепбергенов, Қайыпназар Кауымбаев, Мырзахмет Сәтбаев, Базарбай Сарбасов, Сүлеймен Сейітов, Жұмаш Қонақбаев, Хамза Сыздықов, Зейноллв Жарқынбаев, Ұзақ Бағаев, Нүрділла Уәлиев, Әскербек Рахымбеков, Жақсылық Рахматуллаев, Серік Пірназар, Жұматәлі Абдраман.
Ата басылымның басқалардан бәсі басым, ойы озық деңгейі биік болуы жергөгінде ұлт қайнарының уызына жарып, тамыры тереңге тартқан сырлы шежіренің сарқытын саналарда қайта тірілткен сабақтастықтың нәтижесі. Бұдан жарты ғасыр бұрын жазған естелігінде қазақтың көрнекті ғалымы, филология ғылымының докторы Әуелбек Қоңыратбаев өзінің алдымен «Еңбекші қазақ» газетінде қызмет атқарып, Смағұл, Сәкен, Бейімбет, Ілияс, Сәбиттермен қолма-қолтық жұмыс атқарып нашардың жағы, елдің бағы бола білуінің кейін «Ленин жолы» газетінде құлашын кеңге сермеп, ой еркіндігіне сенімді қадам басуына тұғырлы негіз қалағандығын жеткізіпті.
Алғаш жарық көрген күннен бастап табиғатынан тәуекелшіл ертеңге жарқын үміт артқан әлеуметке жақсылықтың жаршысы болудан танбаған төл басылым қызметкерлері үгітшілік те, насихатшылық та, ақпараттық та қызмет атқарып келе жатқаны әмбеге аян.
Кезінде «Сыр елі – жыр елі» қойнауы қазыналы мұнайлы өлкеге айналды. Облысымыздың аумағы аграрлы салаға бейімделген. Ақмаржандай күріші, шалқып тасқан ырысымен республикада атымыз озып, аймақтан елуге таяу Еңбек Ері шықты. Қазақстандағы 30 корпоративтік Көшбасшы жобаға аймағымыздың он жоба ұсынылды. Осы жетістіктердің барлығы Сыр еліндегі серпілістердің мазмұнын сипаттайды.
                  Көз – таразы, көңіл – қазы
Елмен тығыз байланыста болған басылымның таралымы артары заңды. Өткен ғасырдың сексен бесінші жылдары газет таралымы 60 мыңға жетіпті. Редакторы Ну Уәлиев, орынбасары Әскербек Рахымбеков болатын. Бұл жылдары Арал теңізінің тағдырына араша тұруда орасан зор жұмыстар атқарылды.
Аралды құтқару қорлары құрылды. «Адам болу дегеніміз – күрескер болу» деген данышпандық сөз бар. Ең ұлық мәртебе – ел сенімі. Газеттің өсу, қалыптасу тарихында өзіндік қолтаңбалары қалған қаламгерлер – Сақтапберген Әлжіков, Сейіл Боранбаев, Байжігіт Әбдразақов, Қаншабай Сүйепнішов, Рысты Бекбергенова, ағайынды Шәкірат және Шәкізат Дәрмағанбетов, Үсен Әбшенов, Мырқы Исаев, Қайырбек Мырзахметов, Өтеген Жаппархан, Базарбай Исаев, Жақсылық Түменбаев, Құттыбай Сыдық, Асқар Кіребайұлы, Оразбек Мақсұтұлы, Адырбек Сопыбеков, Қази Данабаев, несібелі Рахмет, Сәрсенкүл Бихожаның басылым беделін қалыптастырудағы жаңа жанрлық құбылыс, ғажайып шығармашылдықтарына ешкім шәк келтіре алмаса керек. Олардың әрқайсысының өз сүйікті оқырманы, күнбе-күн асыға күткен рухани тілектестері Сыр өңірінде көптеп саналады. Ал оқырманы көп жазушы бақытты.
«Журналист – өз газетінде шыңдалатын жазушы» деген екен. Бұған «Сыр бойы» шыңдаған сөз шеберлерінің алған асу, шыққан шыңы дәлел. Ғасыр көкжиегінен көз салсақ, газет қабырғасында күнделікті жоспар-міндеттеменің әлегімен жүріп-ақ әдемі туындыларды өмірге әкеліп, өлмес соңына мұра қалдырып кеткен марқасқаларымыз қаншама мәселен Ұзақ Базаевтың бұдан жарты ғасыр бұрын «Ленин жолы» газетінде жарық көрген «Екі жаз» очеркін алыңыз. Біздің аудан орталығындағы №169 мектебіне аты берілген, кезінде солмектепке басшылық етіп, «Ленин» орденімен екі мәрте марапатталған Низамутдин Илялетдинов туралы жазылған. Еңбекте ұстаз өмірінің өрнегі зейнетке шығып, Ұзақ аға .. сырқаттаныңқырап жатқан кезінде арнайы келіп, әңгімелескен еңбек еш кетпеді. Еңбек еш кетпеді. Ғажайып туынды өмірге келді. Оны өз кейіпкері оқып та үлгірмепті, дүниеден озып кетті. Бірақ жанын дәл өзіндей түсініп, мөлдіретіп жеткізе алған мейірлі жүрек иесінің арқасында бүгінгі ұрпақтың көңіліне аты болмаса заты беймәлім тұлға қимас бауырындай болып, орнығып қалды. Низамутдин ағай әлі тірі. Аты Ұзақ болғанымен ғұмыры ұзақ болмаған ғажап талант иесі өзгелерге осындай өлмес ғұмыр сыйлап кетті. Ол кісінің «Ленин жолы» газетінде редакторы кезінде іссапармен Қазақстан Магниткасында болып, Теміртау туралы жазғаны, өндірістік қаланың партия комитеті ІІ ханшысы Нұрсұлтан Назарбаевпен сұхбатында телегей-теңіз әсер алып, сұңқар жігіттен кең маңдайлы, сұңғыла саясаткер қалыптасып келеді» деп терең сүйіспеншілікпен баға беруі оның терең көрегенді көңіл иесі екенін айғақтап жүргендей. Кейін «Социалистік Қазақстан» газетіне ауысып кеткеннен кейін үш кітапты жарыққа шығарды. Болашақ «Сыр туралы сыр» кітабының арқауына айналған толғамдардың қағазға түсіру үстінде жарық өмірмен қош айтысыпты. Қолжазба күйінде құрастырылмай қалған сол жазбаларда сыр туралы не сыр бар екен?...
1992 жылы газет «Сыр бойы» атауына қайта қауышып Тәуелсіздік жылдары Сыр өңірінде Президент Жолдаында қамтылған іс-жоспарлардың ақпарат айдынында айшықталып, елді еңбекке ынталандырып, нарықтық қатынастарға бейімдеудің басым бағыттарын насихаттауда нағыз жаңашылдық үлгісін көрсеткен жалынды сөз жауынгерлер Тәуелсіздіктің арқасында халықтың құндылықтарына бет бұрған қалың елінің бай мұрасын зерделеуге көшті. Сыр елінің атақты абыз-шайырлары мен сүлейлері ел қорғаған батырларының атын қайта жаңғыртып,соңында қалған жәдігерлерін жинақтауға кірісті. «Сырдария» кітапханасынан осындай жауһар қазыналарды қамтыған 200 томдық жинақты «Демеу» қорымен басып шығару қолға алынды. Өңірдегі руханият саласына тың серпіліс – Әйтеке би тарихи мәдени кешені салынды. Осы жылдары қоғам және мемлекет қайраткуері Шахмардан Есенов, тұлғалы ақын Зейнолла Шүкіровтың 80 жылдық мерейтойы аталып өтті. Осы жұмыстарды бастандыруда қаламгер қауымы қоғамдық пікір туғызып, арманда кеткен жылдарымыздың ақиқатын жарыққа шығаруда жан аямай тер төкті.
Басылымды осы кезеңде басқарған Жақсылық Рахматулла ағамыз өзінің журналистік жазбаларынан топтастырылған «Сыр толғағы» эссе, очректер мен толғаныстар жинағында өлкенің өсу, өрлеу тарихының шежіресін осылай түзді. Журналист – жазушының мұнан өзге «Меңсұлу» романы, «Қилы-қилы тағдырлар», «Кие», «Дала толғауы» қихаяттары дүниеге келді. Қаламгер бұл жазбаларында адамдар арасындағы ар-ождан тазалығы, отбасы ынтымағы, адамдық пен надандық, қарапайым еңбек адамы мен маңсап бедел басындағы тұлғалардың бәсекесі жөнінде ой толғайды, пікір-байламдарын бөліседі.
1998 жылдан бастап газет офсеттік басылымға көшті. Дизайндық сапасы артты. 2008 жылы наурыз айында алғаш рет газеттің «» саны Жарық көріп, 16 беттік топтама оқырманға жол тартты. 2009 бастап өңір басшылығының қолдауымен басылымның мәртебесі өзгеріп, мемлекеттік-коммуналдық кәсіпорын болып құрылып, басшысы болып Серік Пірназар тағайындалды.
Тәуелсіздікке қол жетіп, дамудың даңғыл жолына түсчкен мемлекетімізде идеологияның бағыты – егемендікті баянды ету, елді тығырықтан алып шығуға бағытталды. Бұл тұста газет елді игілікті іске бастайтын инновациялар..... Ойлы туынды ой-өрісі озық, жан-дүниесі таза тұлғадан туады. Осы орайда аймақ-ақпаратының ағынды арнасына орынды мінез сыйлаған қаламы ұшқыр журанлистер Айнұр Баттал, Ыдырыс Тәжұлы, Гүлжазира Жалғас, Нұрмахан Елтай, Әділжан Үмбет, Нұрхан мералы, Руслан Игілік, Жұмагүл Оралбаева, Миуа Байназар, Дәурен Омаров сынды есімдері Сыр жұртшылығына жақын да, жанашыр тұлғалардың ел руханиятын биіктетуде тірнектеп жазған дүниелерін жинақтап берсек, том-том кітап шығарына дау жоқ. Мәселе, кітаптың қалыңдығында да емес, айтар сөзіңнің құнары, көпке ой тастар сұрағы болуы керек. Ой түбінде жатқан сөз шер толқытса шығады. Ойлы оқырманға ойлы сөз қажет. Осы орайда мейлі қай кезеңде жазған туындысын оқып қарасаңыз да көрінбейтін көңіл суреттерінің жан-дүниеңіз құпиясына ынтызар қып, бір жарық сәулеге жетелейтін жаны ізгі жазбагер Қаныбек Әбдуовтың тұңғиық толғамымен келісіп, кейде бәрінен баз кешкен жалынсыз кеудеге жанартау туғызар ақын Дүйсенбек Аяштың тылсым сырларымен бөліскенде санаңызсергіп, жан-дүниеңіз жадырап сала береді.
    Дүниенің басы – сөз
«Қанекей, тілім, сөйлеші» Сыр бойының көп жылдар тұрақты айдарына айналған осы дат-ұран ұрпақ тәрбиесінде ұлағатты міндетін адал атқарды жастарды тәрбиелеудің жақсы үрдісін қалыптастырды. Арнайы бетте елге айтары бар аға буынның ақыл-өсиеттеріне кеңінен орын берілді. Газеттің «ұлылар сөзіндегі» насихат сөз, мақал-мәтелдер ұстаз-тәлімгерлердің тәрбие құралына айналды.
«Мәселе», «Сөз бен іс», «Сөз сом», «Депутат деңгейі», айдарымен берілген материалдар ел ішіндегі өзектілі мәселелердің оңды шешілуіне үлкен үлесі болды. Өнерді насихаттау, «Мәдени мұра» бағытында газетте арнайы хиқаят, Мүшайра, жыр – «жиһаз» талай талапты тұсауын кесіп, топжарған таланттардың жыр керуенін жалғады.
Қазқстанды әлеуметтік жаңғыртудың Жалпыға ортақ Еңбек қоғамына қарай 20 қадам» жобасы бұқаралық ақпарат құралдары алдына да үлкен міндеттер қойды. Шығармашылық әлеуетті және инновациялық қызметті ынталандыру талабы бәсекеге қабілеттік басты өлшеміне айналды. Отандық БАҚ-ды жаңғырту, контентін күшейту талабы оның құрылымын да жүйелеуге жол ашты. 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Сыр Медиа» ЖШС орталығына біріккен Сыр бойы басылымдарына бас директор Аманжол Сақыпұлы жетекшілікті қолға алды. Сыр журналистері «Ақпараттық Қазақстан – 2030» мемлекеттік бағдарламасын басшылыққа алып, тұтынушыны жалған, бұрмаланған, алдамшы ақпараттардан қорғап, қазіргі заманға лайықты ақпараттық-мәдени ортаны құруға шама-шарықтарында шынайы еңбек етіп келеді.
Газет беттерінде мемлекеттік саясаттан тыс түрлі айдарлар ашылған. Аймақтағы игілікті бастамаларды іске асыруда газеттер рөлі айрықша. Халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған жаңа әлеуметтік саясат журанлистер назарынан түскен емес. Инновациялық дамудың жаңа мүмкіндіктері де жиі сараланады.
«Сыр бойы» газетін бүгінгі таңда Қуат Шарабидинов басқарып отыр. Бұған дейін республикалық басылымдарда көптеген тың тақырыптарға .. тартқан терең  зор әлеуетімен танылған қаламы қуатты тұлғаның талабының, позициясы мығым. Тұтас қаламгерлер арманын мақсатты арнаға бағыттап әрбір жазған сөзіне жауапкершілікпен қарауды қадағалауды назардан қағыс қалдырмауды мұрат тұтатын Мұрат Жетпісбаев сынды көреген көздер ізін басып келе жатқан игі басылымдар-аудандық газеттерден ұдайы қамқорлығын аяған емес.
Адам жанын тереңнен сезіну, болмыстың табиғи қалыбын түйсіну – қаламегрге қажет басты принцип осы онсыз жазған шығармаң нәрсіз оқырманға берер әсері кем, өлі дүние болуы
30 шілде 2019 ж. 762 0