№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Қорғаныс министрлігі Арыстағы жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Қорғаныс министрлігі Арыстағы жағдайға байланысты мәлімдеме жасады




Қазіргі уақытта Арыста әскери бөлім қоймасындағы жарылыстан қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.

«24 маусымда Түркістан облысының Арыс қаласының маңында орналасқан ҚР ҚК арсеналдарының бірінде оқ-дәрілер сақталған ғимараттан өрт шықты. Қазіргі уақытта қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның себептері мен мән-жайлары анықталып жатыр. Қорғаныс министрлігінің басшылығы оқиға орнына арнайы құрылған комиссия жіберді, Қарулы Күштер жеке құрамының күші апат салдарын жою және азайту бойынша іс-шаралар ұйымдастырып жатыр», – делінген хабарламада.
Қазір әлеуметтік желіде төтенше жағдайға байланысты түрлі ақпараттар тарауда.
Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі тұрғындар көмек қолын созып, қайырымдылық акцияларын ұйымдастыруда. Жаңақорған ауданының тұрғындары да жылу жинап, көмек қолын созуға белсенділік танытуда. Дәл қазіргі сәтте аудан орталығындағы "Ғани" мен "Заңғар" сауда орталығында газель көлігіне қажетті киім-кешек, азық-түлік жинап жатыр. "Жаңарған Жаңақорған жастары" еріктілер тобы ұйытқы болған игілікті іске әрбір жаңақорғандық атсалысса нұр үстіне нұр болар еді. Ел басына күн туған шақта, бір жеңнен қол шығарып, ынтымақтастықта игі іс жасай білсек, бұл біздің ағайындық ауызбіршілігіміздің көрінісі.Қашанда қалың қазақтың қайғысына қол соза білген Жаңарған Жаңақорған Жастары сынды ел үімітін ақтар еріктілердің өз өлкемізде бары көңілді қуантады. 
25 маусым 2019 ж. 868 0