№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – ҚАЙЫРЛЫ ІС

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – ҚАЙЫРЛЫ ІС

«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көрерсің», – дейді дана халқымыз. Қамшының сабындай қысқа өмірде шама-шарқың келгенше аялы алақан мен жан жылуын аңсайтын жандарға қол ұшын бергенге не жетсін. Біз бүгін Жаңарық ауылында өткен «Жүректен – жүрекке» атты қайырымдылық шарасында мейірім атаулының осындай мазмұнына куә куә болдық.

Жақсылық жасау – имандылықтың тәрбие­ліліктің, парасаттылықтың белгісі. «Не бер­сең де балаға бер, бала үшін жаса» деген халқымыздың игі дәстүрін қазіргі кезде ауыл кәсіпкерлері жалғастырып келеді. Жақсылық жасау қолыңнан келіп тұрса, қуаныш сыйлауға мүмкіншілігің жетіп тұрса, неге қол ұшын созбасқа дейді жомарт жандар.
Игі шараны ауыл әкімінің міндетін атқарушы Серікбай Құлатаев ашып берді. Ол: «Тағдыры ерекше адамдар – біздің қоғамның толыққанды мүшесі. Олардың көпшілігі талантты, білімді, іскер, өнерлі. Сондықтан олар көбімізден қабілет жағынан артық болмаса төмен емес. Сол себептен, біз осы балаларға барынша қолдау жасап, үнемі жағдайын жақсартып отыруға тиіспіз», – деді.
Шара ауыл жастарының концерттік бағдарламасына ұласып, жиналған қауымның көңіліне шаттық сыйлады. Жұртшылық көңілін рухани ләззатқа қауыштырған қайырымды шара жергілікті билік пен әлеуметтік қызметкерлер тарапынан ұйымдастырылыпты.
Қоғамның қамқорлығы мен қолдауына мұқтаж, көңілін шер, қабағын мұң басқан, әр адамнан қайырымдылық, алақандарынан жылулық сезімін күтетін осындай балаларға тосын тарту жасауда ауылдың әлеуметтік қызметкерлері Гүлбану Ахметова мен Аманкүл Әжібаеваның орны ерекше.
Расында, мұқтаждың қажетін өтеп, жетім-жесірге қамқор болу, жағдайы төмен жандарға көмек қолын созу қайырлы іс екені көпке белгілі. Демек, балаларға қаржылай демеу беріп, «Атымтай Жомарт» атанып жүрген азаматтар бұл ауылда да баршылық десек артық айтқандық емес. «Он ақылдыдан, бір мейірімді артық» деген аталы сөзді ту еткен осындай азаматтар ауыл имамы Әбдіхалық Наметов, кәсіпкер Мәжит Ташимов, «Ақмаржан» шаруақожалығының төрағасы Әсілбек Исмайлов, «Дәуіржан» шаруа қожалығының төрағасы Әбдірахмен Сапарбаев және «Перуза» шаруақожалығының төрағасы Орынбасар Әбдіхалықов сынды қамқор жандар осы күні қолдан келген қамқорлығын жасап, азаматтық танытты.
Жиналғандар мәдениет саласы майтал­мандары әзірлеген сахналық қойылымнан соң кіндік қаны тамған жерде ел-жұртына адал қызмет етіп жүрген азаматтардың демеушілігімен ұйымдастырылған сый-құрметке куә болды.
«Елге қызмет – баршаға міндет» демекші, қолында бар қазынасын халықпен бөлісіп, бес күндік тіршілікте тек сауап жинаған жаны жомарт жандарға ата-аналар алғысын жаудырып, қандай құрметке болса да лайық екендерін жеткізді.

Лаура БИБАСАРОВА
13 шілде 2019 ж. 3 051 0