№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЖҮРЕКТЕН ЖҮРЕККЕ ЖЕТКЕН ЖЫЛУ

ЖҮРЕКТЕН ЖҮРЕККЕ ЖЕТКЕН ЖЫЛУ


Отандық кәсіпорындар мен бизнестік құрылымдар және т.б әлеуметтік жауапкершілікті сезіне отырып, әлеуметтік прогреске және қоғамның әл-ауқатының өсуіне жәрдемдесуге, өңірлер халқының тұрақты дамуына және салауаттылығына күш-жігер салуы тиіс. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бұл тапсырмасын «Қызылқұм» ЖШС орындап отыр. Мұны «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының саяси кеңесінде аудан әкімі Ғалым Әміреев өзге компанияларға үлгі ете айтты.
Расында, "Садақа – береке кілті", "Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің" тәмсілінен ғибрат алған компания басшылығы аудандағы іс-шаралардан тыс қалған емес. Әрі сауапты істерге ұйытқы болып жүргенін аудан халқы жақсы біледі. Жақында «Нұр Отан» партиясы «Кедергісіз келешек» жобасы аясында "Ұлыстың ұлы күні – Ұлы істің бастауы" тақырыбында қайырымдылық акциясына қатысты. Акция аясында әлеуметтік маңызы бар азық-түліктерді 50 отбасыға табыстады.
Сауапты шараның өтуіне ұйытқы болған «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мәжит Балқожаев «Қызылқұм» ЖШС әлеуметтік жауапкершілігіне жоғары баға беретінін айтты.
– Наурыз айы – жүректерге жылулық сыйлап, үміт сәулесін сыйлайтын ай. Себебі, Наурыз мейрамы кезіңде қайырымды жандар сауапты істер жасауға ұмтылған. Сондай қайырлы іске қызылқұмдықтар ұйытқы болды. Жағдайы төмен отбасыларға ұн, күріш, пісте май, макарон, құмшекер сынды азық-түлік түрлерін берді. Осындай жауапкершілікті өзге компаниялар да сезінсе, әлеуметтің әлеуеті арта түсер еді, – дейді Мәжит Балқожаұлы.
Қайырымдылық – адамның асыл қасиеттерінің бірі. Яғни, адамның айналасындағыларға деген ықыласы мен көмегін адамгершілік қарым-қатынастарын білдіреді. Компания басшылығының мұндай ізгілікті ісін аудан тұрғындары сезініп келіді.
– Әрине, әлеуметтің жағдайын бағдарлап, аз қамтылған отбасыларға түрлі деңгейде жәрдемдер жасалып тұрады. Сондай ізгілікті шарада біздің шаңырақта шаттыққа кеңелді. Осындай қуаныш сыйлаған компания басшылығына алғысым шексіз, – дейді кент тұрғыны.
Әлемде АҚШ, Жапония қайырымдылық акциялар саны жөнінен көш бастайды екен. Тіптен, америкалықтардың 90 пайызы қайырымдылықпен айналысады. Қазақстан мұндай көрсеткішпен мақтана алмайды. Дегенмен, ата-баба дәстүрін байыптасақ, қайырымды істер көп болғанын аңғарасыз. Мұндай сабақтастықты Елбасы да дәріптеп жүр. Мәселен, Президент Қытайға сапары барысында тапсырылған «Жібек жолы» сыйлығының қаржысын отандық қайырымдылық қорларына аударып, үлгі көрсетті. «Қызылқұм» ЖШС қайырымды шаралармен көзге түсе бастады.
«Қызылқұм» ЖШС «Хорасан 1» кеніші директорының орынбасары Асқат Нетбаев: «Наурыз мерекесі игі істердің бастауы. Сондықтан Жыл басында бір-бірін қуантуға тырысқан. Біз де халықтың ризашылығын алу мақсатында әлеуметтік маңызы бар азық-түліктерді отбасылық жағдайы төмен отбасыларға үйлестірдік. Әрине, бұл соңғы шара емес, – дейді.
Серіктестіктің бастауыш партия ұйымының төрағасы Алдаберген Ыдырысов алдағы уақытта жүректен жүрекке жылу жеткізетін шаралар легі атқарылатынын сөз етті.

P.S.: Қайырымдылық жасау әркімнің өз қалауы, бұл міндет емес. Қалай айтсақ та, қайырымдылықтың өз мәдениеті, дәстүрі бар. Осындай дағды қалыптасып келеді...

Нұрлат БАЙГЕНЖЕ.
31 наурыз 2018 ж. 2 206 0