№28 (8942) 18

18 сәуір 2026 ж.

№27 (8941) 14

14 сәуір 2026 ж.

№26 (8940) 11

11 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » ҚОЛДАН КЕЛСЕ, ҚАЙЫР БЕР

ҚОЛДАН КЕЛСЕ, ҚАЙЫР БЕР


Білім беру ұйымдарында қайырымдылық айлығы дәстүрлі түрде жылына екі рет өтіледі. Тамыз-қыркүйек айларында «Мектепке жол» акциясы, қаңтар-ақпан айларында «Қамқорлық» акциясы.Жалпы қайырымдылық дегеніміз – көмекке мұқтаж адамдарға берілетін нақты көмектің түрі. Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с) «Жақсылық жасаңдар. қайырымды болыңдар» деген сөзі бар. «Адам баласына қолыңнан келгенше жақсылық қыл, жақсылығы алдыңнан шығады» сөздің жаны бар .

Қамқорлық акциясы №169 Н.Илялетдинов атындағы орта мектепте де өз дәрежесінде аталып өтті. Акцияның негізгі мақсаты –әлеуметтік аз қамтамасыз етілген отбасы балаларына көмектесу, әлеуметтік қолдау көрсету болып табылады. Қайырымдылық шарасына демеушілік танытқан жеке кәсіпкерлер Лаура Парманқұлова, Ұлтуар Дауітбекова, Меңдіқыз, Рая, Нұрбике, мектеп мұғалімдері Пірімбетова Әшіркүл, Әлібекова Сапура, лаборантАбдраманова Индира қолдарында киім-кешектерін беріп, әр балаға қуаныш нұрын сыйлады.
«Жетім көрсең жебей жүр,
Қолтығынан демей жүр.
Қол ұшын берсең азамат,
Алладан болар шапағат»
Демекші Сіздердей жаны жомарт жандарға мың алғыс.
Әлеуметтік педагог Сайпирова Жазира
14 ақпан 2018 ж. 2 522 0