№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ӘКІМ КҮРДЕЛІ ОТА ЖАСАУҒА КӨМЕК БЕРДІ

ӘКІМ КҮРДЕЛІ ОТА ЖАСАУҒА КӨМЕК БЕРДІ


Аудан әкімі Ғалым Әміреевтің бұл жолғы қоғамдық қабылдауы қайырымдылық іске ұласты. Дертіне дауа іздеген 12 жасар Дильназға Астана қаласында күрделі ота жасалынатын болды. Туа біткен жүрек ақауына шалдыққан өрімдей қыздың өміріне алаңдаған Дильназдың әлеуметтік қызметкері Құрбанкүл Әшимова әкім қабылдауына жазылған болатын. Міне, Рамазан айының алғашқы күндерінде қуанышты жаңалық жетті. «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы кеңсесінде өткен қабылдауда Құрбанкүл Әшимова аудан басшысымен бетпе-бет жүздесті.
Қаршадай қыздың диагнозын айтып, тез арада күрделі ота жасау керектігін жеткізді. Дертіне дауа боларлық ем Астана қаласынан шығып тұрғанын тілге тиек еткен әлеуметтік қызметкер Дильназдың отбасына тоқталды. Өмірге құштар өрімдей қыз анасымен бірге тұрады. Әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасының асыраушысы да осы анасы Алена Бекмұхаметова. Ол қоғамдық ақылы негізде жұмыс жасайды. Яғни, ертеңгі күні Елордаға ота жасауға апаратын жол шығын, отадан кейінгі бала күтіміне кететін қаражат тапшы екендігі белгілі болды.
Жағдайдан толық хабардар болған Ғалым Махмұтбайұлы:
– Бала – біздің болашағымыз. Әрбір баланың дені сау, бәсекеге қабілетті ұлт болып қалыптасуына борыштымыз. Сондықтан Дильназдың дертіне бейқам қарай алмаймыз. Бірінші өзіміз қол ұшын созып, сосын аудандағы меценат, кәсіпкерлер қауымын тартамыз. Оған қоса, қазір Рамазан айы. Бір жағынан сауап жинап, кішкентай қыздың күрделі ота жасауына қаржылай қолдау көрсетеміз, – дей отырып, өз қалтасынан қомақты қаржы берді.
«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көрерсің» деген аталы сөзді ұстаным еткен қос меценат «Жаңақорған Шипажайы» АҚ басшысы Бақытжан Абдуллаев және «Ынтымақ» ЖШС-нің төрағасы Рақымбаба Құтыбаев қаржылай қолдау көрсетті.
Өз кезегінде «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мәжит Балқожаев: «Елдің әлеуметтік жағдайы, тұрмыстық мәселелері партия назарынан тыс қалған емес. Бүгінгі қоғамдық қабылдау қайырымдылықпен ұштасып отыр. Дильназдың денсаулығының сауығып, қажетті емін алуға халықтың өзі демеуін білдіруде. Сәтін салса, ота жасалғаннан кейін де жетекші партия өрімдей қыздың саулығын жіті қадағалайтын болады» , – деді.
Тұрақты түрде аудандық емхананың әлеуметтік қызметкері Құрбанкүл Әшимова мен Патронаж мейірбике Салтанат Қожамбердиеваның дәрігерлік бақылауында жүрген Дильназ Бекмұхаметованың бүгінгі ахуалы қалыпты. Десе де, тез шаршап, жүрек қағысы мен тыныс алу жолдары жиі мазалап тұрады екен.
– Жасыратыны жоқ, қазіргі таңға дейін «Нұр Отан» партиясының қамқорлығын жиі көріп келеміз. Қашанда қол ұшын созуға дайын болатын партия басшылығына айтар алғысым зор. Дана қазақ «кең пейілді кемімес» дегендей, аудан әкімінің өзі бастап қаржылай демеу берді. Бұлда болса жасөспірімнің тағдырына алаңдаулы екенін білдіреді. Оған қоса, кәсіпкерлер қауымына ризашылық білдіремін. Ендігі кезекте жақын уақытта Дильназ дертіне дауа табады деген үміт сәулесі оянды, – дейді Патронаж мейірбике Салтанат Қожамбердиева.
Иә, елдің қолдауын сезінген талдырмаш қыздың жанарынан қуаныштың жасы тамшылады. Жасын алақанымен сүртіп тастап, әкімге: «Мен тез сауығып, Астанадан айығып келемін. Білімді азамат болып, бос уақытымды тиімді жұмсайтын боламын», – деп сөз берді.

Мақпал МАРҚАБАЙ.
22 мамыр 2018 ж. 1 467 0