№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жақсы ниет – жанға шуақ

Жақсы ниет – жанға шуақ


«Нұр Отан» партиясы аудандық филиа­лының «Өнер» бастауыш партия ұйымы ауданда рухани-мәдени шаралардың ұйытқысы болып жүр. Мұндай игілікті бастамаларда бастауыш ұйымның төрағасы, аудандық мәдениет және тіл­дерді дамыту бөлімінің басшысы Аягөз Айдосованың бастамасы ерекше.
Жақында қайырымды іске толы осын­дай шараның бірі – бас партияның ғима­ратында өтті. Онда сала басшысы ауылдық округтердегі әлеуметтік жағдайы төмен отбасы балаларын мектепке қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етті.
– Бала – біздің болашағымыз. Өскелең ұрпақтың сапалы білім алып, саналы адам болып қалыптасуында елдің әр азаматының әлеуеті қымбат. Бүгінгі жиында бастауыш ұйымның төрайымы бірнеше оқушыға мектеп сөмкесін тарту еткелі отыр. Мұндағы мақсат – оқушы­лардың аз да болса қажетімен қамтылып, білім алуына үлес қосу, – деді «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мәжит Балқожаев.
Иә, мұқтаж жандарға қол ұшын созып, ізгілік пен ілтипаттың айнасына айналған қайырымдылық кімнің болсын кісілік келбетін айшықтай түсетін асыл қасиет. Адам ұрпағына қайырымдылық жасау арқылы оларды адамгершілік қасиеттерге баулиды.
– Қазір оқу жылының басы болған­дықтан оқушыларға қажетті құралдарды сый­лауды жөн көрдік. Баланың толық­қанды, сапалы білім алуы елдің ертеңі үшін өте маңызды. Біздің мақсат – балаларға қуаныш сыйлап, олардың білім алуға деген құштарлығын ұлғайта түсу, – деді Аягөз Нұржанқызы.
«Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» демекші, қайырымдылық – халқымыздың ең ізгі амалдарының бірі. Басшылар тарапынан сый-сияпатқа ие болған балалар өздеріне жасалған жанашырлыққа ризалықтарын білдіріп, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсынған аға буынға алғыстарын жеткізді.
– Бізге осындай сыйлық беріп, көңілімізге қуаныш нұрын сепкен үлкен­дерге алғысымыз шексіз. Алдағы уа­қытта сабағымызды тек үздік бағаға оқитын боламыз, – дейді Қыркеңсе ауылындағы №213 мектептің 6-сынып оқушысы.

Түйін. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Бес нәрсенің қадірін біл. Олар: өлімнен алдын өмірдің, ауру келмей денсаулықтың, әурешіліктен бұрын бос уақыттың, зағиптықтан бұрын жастықтың, кембағалшылықтан бұрын байлықтың қадірін біл» деген. Демек, аста-төк болмаса да азын-аулақ табысының өзін өзгелермен бөлісіп жүретін жаз дидарлы жандардың қайырымды істері көпке үлгі болары анық. Жалпы, қазақ ежелден жомарттығымен танылған халық. Ұлтымыздың ұлы ұрпағы да ата дәстүрден жаңылмай мұқтаж отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі жандарды, талантты балаларды қорғап, қолдап келеді. Оған бүгінгі шарада куә болдық.
Айсұлу АЛДАНАЗАР.
22 қыркүйек 2018 ж. 1 708 2

Гость Jeahulalf от 22 ақпан 2019 11:51
Cialis Ou Autres Forte Propecia Generico On Sale Online Worldwide Stendra 100mg Legally propecia es bueno Cheap 5mg Cialis Prescription Drugs Bought Online

Гость Jeahulalf от 11 наурыз 2019 22:33
3g Amoxicillin Oral Dose Viagra Rosso Propecia Leberschaden canadian pharmacy cialis 20mg Buy Online Search Levitra Amoxicillin Safety Dosing For Dogs