№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » РӘМІЗДЕР – ЕЛДІКТІҢ МЫЗҒЫМАС ТҰҒЫРЫ

РӘМІЗДЕР – ЕЛДІКТІҢ МЫЗҒЫМАС ТҰҒЫРЫ

«Мемлекеттік нышандарды айғақтайтын рәміздерге деген құрметті арттыру – баршаға міндет». Бұл аудан басшысы Ғалым Әміреевтің төрағалығымен өткен аудан әкімі жанындағы мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссия отырысында айтқан сөзі. Иә, елдік пен азаттықтың нышаны саналатын рәміздерге айрықша құрмет көрсету әрбір қазақстандықтың қасиетті борышы.


Күн тәртібіне сай 3 ауылдық округ әкімі мен аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысы есеп берді. Бірінші кезекте, кент әкімінің міндетін уақытша атқарушы Жарас Мырзалиевтің хабарламасы тыңдалды. Оның айтуынша, кент әкімшілігінде мемлекеттік рәміздердің орналасу заңдылықтары сақталған. Түнгі мезгілде ғимарат алдына толықтай түсетін жарықтандыру жұмысы жүргізілгенін тілге тиек етті. Сондай-ақ мемлекеттік рәміздерге деген тұрғындардың құрметін арттыру мақсатында орталық Тәуелсіздік көшесі бойына көрнекі үгіт-насихат баннерлері ілінгенін жеткізді. Оған қоса, әкім жақында ғана «Арман» кенттік мәдениет үйінде «Үмітін елдің арқалап, арманнан туған рәміздер» атты тақырыптық кеш өткенін баяндамасына арқау етті.
Мұнан кейін мінберге көтерілген Ақүйік ауылдық округі әкімі Әскер Мұсаев осы бағытта атқарған жұмыстарын хабарлады.
– Ағымдағы жылдың ақпан айында ауылдық округі көлеміндегі барлық мемлекеттік мекемелер басшылары мен қызметкерлері және ауыл тұрғындары арасында Мемлекеттік рәміздерді пайдалану, қолдану бойынша заң бұзушылықтарды жою және оларды болдырмау жөнінде түсіндірме жұмысы жүргізілді. Жыл басында бекітілген жылдық жұмыс жоспары негізінде Мемлекеттік рәміздерге байланысты ай сайынғы ұйымдастырылатын тексеру нәтижесінде ұлттық стандарттарға сәйкес келмейтін Мемлекеттік рәміздер қайта пайдалану мүмкіндігін болдырмау мақсатында ауыстырылып, жою ережесіне сәйкес жойылып, жаңадан ауыстырылып отырады. Мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың ғимараттарында ілінген Мемлекеттік рәміздердің, соның ішінде Мемлекеттік Ту мен Елтаңбаның ұлттық стандартқа сәйкестігі мен жарамдылығы ұдайы бақылауда ұсталынуда, – деді ауыл әкімі Ә.Мұсаев.
Одан әрі Қожакент ауылдық округі әкімі жанындағы мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссия төрағасының міндетін уақытша атқарушы Е.Жиенхожаев атқарылған жұмыстарды баяндады.
– Ауылдық округтегі Нартай Бекежанов көшесі бойынан 2013 жылы ауыл тұрғындарының патриоттық сезімін нығайту мақсатында арнайы «Рәміздер алаңы» аллеясы ашылып, жыл сайын Мемлекеттік рәміздер күні мерекесіне орай іс-шара өткізіліп тұрады. Сонымен қатар Исатай Әбдікәрімов атындағы № 168 орта мектеп, № 184 негізгі мектеп, ауылдық емхана, «Аялы алақан» бөбекжайы мен ауылдық клуб үйі мекемелеріндегі мемлекеттік рәміздер барлығы заңдылыққа сай орналастырылған, – деді Е.Жиенхожаев.
Ал аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының уақытша міндетін атқарушы Б.Камалов байрақты бәсекеде жеткен жетістіктерін тарқата айтып берді.
– Бүгінгі таңға дейін жаңақорғандық спортшылар Азия чемпионатынан 1 алтын, 2 күміс, 1 қола жүлдені иеленсе, Қазақстан Республикасының чемпионатынан 10 алтын, 50 күміс, 28 қола жүлдені иеленді. Олар Қазақстанның байрағын биікте ұстап, әнұранын шарықтатып, елдің абыройын асқақтатып жүр. 2019 жылдың 6 айында ауыл – аймақтық, аудандық , облыстық, республикалық деңгейде 238 спорттық іс-шара өткізіліп, оған 19 456 тұрғын тартылды. Әрине, бұл жас спортшылардың патриот болып қалыптасуына, мемлекеттік рәміздерді ерекше құрметтеуіне ылпал етері сөзсіз, – деді Б.Камалов.
Баяндамашылардың сөзінен соң аудан әкімі Ғалым Әміреев комиссия отырысын түйіндеді.
– Мемлекеттік нышанға қатысты кез келген кемшілік орын алған жағдайда бірінші кезекке қойып, шұғыл түрде тиісті шара қабылдансын! Ұтымды ұсыныс, пікірлер, хаттамаға енгізілсін. Барлық кент, ауылдық округ әкімдері мен дербес бөлім басшылары Мемлекеттік рәміздердің күнделікті жай-күйіне, сапасына бақылауды күшейтіп, стандарт талабына сай болуын жіті қадағалау керек, – деді комиссия төрағасы.

Әбдісамат ӘБДІШ
10 шілде 2019 ж. 1 105 0