№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » АРАЛДА ЖАҢА РӘМІЗДЕР АЛАҢЫ АШЫЛДЫ

АРАЛДА ЖАҢА РӘМІЗДЕР АЛАҢЫ АШЫЛДЫ


Бүгінгі мерейлі мерекеде аралдықтар Тәуелсіздігіміздің басты нышаны саналатын Рәміздер алаңының ашылу салтанатына куә болды. Жалпы құны 174,670 млн теңгені құрайтын жоба арнайы 4 маусым – ҚР-ның Мемлекеттік рәміздер күні аясында пайдалануға берілді.
Жалпы аумағы 8000 мқұрайтын «Рәміздер алаңында» Мемлекеттік Елтаңба, Мемлекеттік Гимн және биіктігі 20 метрлік қасиетті Мемлекеттік Ту орналастырылған. Жаңа нысанда көпшіліктің демалысы үшін бар жағдай жасалған.

Жаңа «Рәміздер алаңының» ашылу салтанатына аудан әкімі М.Оразбаев, облыстық мәслихаттың хатшысы Н.Байқадамов және бірқатар қадірлі қонақтар арнайы қатысып, Мемлекеттік рәміздерді ұлықтау шарасына куә болды.
Салтанатты шарада сөз алған облыстық мәслихаттың хатшысы Н.Байқадамов «Өткен жылы Арал қаласынан «Рәміздер алаңын» салу және абаттандыруға облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары қарқынды түрде жүргізілген болса, бүгінде өз мәресіне жетті. Мұнда, өздеріңіз байқап тұрғандай, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздері көрініс тапқан. Атап өту керек, биіктігі 20 метр болатын көк байрақ арнайы Астана қаласының 20 жылдығына арналып отыр. Осы орайда, Тәуелсіздік пен мемлекет символына айналған рәміздер алаңының Елбасының тікелей назарында тұрған Арал ауданынан бой тіктеуі рухани жаңғырудың жарқын қадамдары деуге болады» деп, аудан жұртшылығына құттықтау лебізін жеткізді.
Одан әрі Рәміздер алаңындағы көк байрағымыз көкке көтеріліп, ел Әнұраны орындалды. Мұнан соң аудан өнерпаздары әзірлеген концерттік бағдарламаларын көпшілік назарына ұсынып, тұрғындар қуанышын еселей түсті.
Шараға келген тұрғындар мен қала қонақтары рәміздердің көркіне ерекше ықыластарын білдіріп, әсем орнатылғандығына ризашылықтарын жеткізді. Әрі жастардың патриоттық тұрғыда тәрбиеленіп, отансүйгіштік қасиетті бойларына сіңіруіне негіз болар дүние жасалғандығына, бой сергітіп, демалар орындар қатары көбейгендігіне қуанды.
05 маусым 2018 ж. 1 776 0