№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖҮГІ САЛМАҚТЫ

ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖҮГІ САЛМАҚТЫ

Қазір ақпарат таратудың тәсілі көп. Интернет көздері, оның ішінде әлеуметтік желілер арқылы әп-сәтте жаһан жаңалықтарынан хабардар бола аласыз. Мұндайда журналистерге жауапкершілік жүгі артылатыны сөзсіз. Яғни жаңалықты қатесіз беру, қаптаған деректердің арасынан керек мәліметтерді іріктеп таңдап алу, ақпаратты саралап, дұрыс пайым жасау, дер кезінде жеткізе білу маңызды. Осындай үдеден шығып, өзіндік көзқарасымен, қолтаңбасымен танымал Гүлжазира Ғалиқызын мақалаға арқау етпекпіз.

Бүгінде «Қазақстан» Ұлттық арнасында табысты қызмет ететін журналист Жайылма топырағының тумасы. Жастайынан сөз өнеріне машықтанып, журналист болуды мақсат етеді. 2004 жылы Елордаға арман қуып барып, Гумилев атындағы Еуразия ұлттық уни­верситетіне оқуға түседі. Онда Рымғали Нұрғали, Ақселеу Сейдімбек, Мырзатай Серғалиев сынды қазақ ғылымының алыптарынан білім алады. Студент кезінен белсенді, сапалы білім жинаған маманды астаналық шығармашылық ұжым­дар қатарынан көруге шақырады. Гүлжазираның таңдауы «Қазақстан» Ұлттық арнасына түсіп, онда титр теруші болып жұмысын бастайды.
– Оқушы кезімде «Кім болам?» деген тақырыптағы шығармада «Журналист болам» деп жазғаным әлі есімде. Адам ниетіне жетеді деген рас екен-ау. Жалпы телевидение шапшандықты, терең білімді, ізденісті қажет етеді. Ақпараттық ағынның дәлдігін, нақтылығын саралай алатындай зерек болуың тиіс. Ең бастысы, әмбебап болуың керек. Журналист әрі жүргізуші, әрі сюжетін монтаждай білетін маман болғаны абзал, – дейді кейіпкеріміз.
Қазір ақпарат таратуда интернет ресурсқа бәсекелесу оңай емес. Жаңалықты смартфон арқылы білуге мүмкіндік бар. Бүгінде ақпаратты жеткізудің заманға сай құралдарын пайдалануың керек. Қазіргі заманның ақпаратты жылдам жеткізудегі ең ыңғайлы құралы – интернет, сондағы ресурстар. Тіпті, соңғы екі-үш жылда әлеуметтік медиа түсінігі де қалыптасып үлгерді. Яғни әлеуметтік желілерге медиа өкілдер келіп, онда өз контентін толықтыра бастады. Осыны тиімді жүргізуде белсенді болу керек.
Жалпы бәсекеде басым түсу үшін отандық телеарналардың экономикалық тұрғыдан тиімді дамуын жолға қою, интернетке бой үйретіп бара жатқан телеарналардың көрермендерін сақтап қалу, осы мақсатта жаңалық материалдары мен бағдарламалардың сапасын арттырып, телеарналардың өмір­шең­дігіне серпін беру қажет. Гүлжазира осы жөніндегі ойымен де бөлісті.
– Әлемдік трендтерді үйрену өте маңызды. телеарналардың контентіндегі цифрлық техноло­гияларды тиімді қолданып, интернет нұсқаны телеарналардың нұсқасымен салыстыра зерттеп, телевидениенің танымалдылығын арттыруды жолға қойған дұрыс. Ең бастысы, сапалы контент қалыптастырғанда отандық телеарналар көрілімді болады. Ол үшін журналиске не керек? Біріншіден, журналистердің еркіндігі маңызды, сосын ізденімпаздығы шешуші рөл атқарады. Екіншіден, көрерменді бейжай қалдырмауды мақсат етіп, жаңалықты көрерменнің құлағына сіңімді, ойына орамды етіп беруді меңгеруі тиіс, – деді ол.
Ұлттық арнада 2008 жылдан бері жұмыс істейтін білікті журналист бүгінде танымал журналиске айналды. «Еңселі Елорда», «Мен көрген Елбасы», «Бағаналы Орда – басты орда» атты бағдарламаны жүргізумен көпшілікке танылды. «Хабар», «Еларна» арналарында эфирден көрерменге жол тартқан «Бір туынды тарихы» және «Өмір жолы» атты деректі фильмдердің бірнеше сериясының авторы. «Шетелдегі қазақ балалары» атты жобаның тізгінін ұстап, елден жырақта өмір сүріп жатқан қазақ балаларының іздеушісі ретінде халықтың құрметіне ие болды.
«Мәселе мақұлмен емес, ақылмен шешіледі!» деп басталатын «Мәселе» атауымен көпшілік көрер­менді өзіне тарта білген сараптамалық бағдарламада тілшілік қызмет атқарды. Ал қазіргі уақытта «Қазақстан» ұлттық телеарнасының Түркістан облысындағы меншікті тілшісі ретінде сапалы ақпараттар таратып отыр.
Иә, телевизия саласында жүріп, азды-көпті жиған өз тәжірибесі мен қажырлы еңбегін осы салаға арнаған маманның жас буын журналистерге айтары да бар.
– Журналистиканың басты талабы – білімді болу. Ол үшін кітаппен дос болғаны орынды. Сосын жасандылықтан сақ болғаны дұрыс. Себебі, экран алдындағы дыбыс екпіні, сөз мәнері шынайы шықпай, көрермен көңілінен шыға алмайсыз. Телеарналарға жаңалық дайындағанда мәселені зерттеп, сараптап көрсетуде біліктілігіне, ізденімпаздығына, қабілеті мен еңбекқорлығына сүйене білген журналист ұтады, – дейді Гүлжазира Матенова.
Ол Бейсен Құранбек, Қайнар Олжай, Әлімжан Сабыржанұлы, Айбек Қобдабай және т.б журналистік қабілет-қарымын, болмыс-бітімін үлгі тұтатынын айтты.
Ұрпақты тәрбиелеуші журналис­тер десек, ақпарат қарудан да қуатты болған заманда журналистерге жүктелер жауапкершілік жүгі тіптен ауыр. Осы жолда отандық журналистердің асығы алшысынан түсуіне тілектеспіз.

Лаура БИБАСАРОВА


29 маусым 2019 ж. 1 204 0