№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жауапкершілігі жетістікке жетелеуде

Жауапкершілігі жетістікке жетелеуде

Аудан әкімдігі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету, бақылау және есеп бөлімінде жұмыс істейтін Әбілқайыр Бегмановты әріптестері үздік маман ретінде мойындайды. Мемлекеттік қызметшінің қатарынан оқ бойы озып шығып, дара танылуына танымдық болмысы, әдеп этикасы, саяси сауаттылығы мен кәсіби келбеті толық негіз болып тұрғандай.



Мемлекеттік қызмет – абыройлы мін­дет. Грек философы Сократ айт­қандай, «мықты мемлекеттің тірегі – сапалы мемлекеттік қыз­меткерлер». Яғни өркениетті қоғам­­ның қуаттылығының сыры сапалы қызметкерлердің қажырлы еңбегінде, жұмыс нәтижесінде жа­тыр. Ал мемлекеттік қызметші болу – жауапкершілік жүгі мен сенім үдесінен шыға білуді талап ете­ді. Осы міндетке селкеу түсірмей абыроймен атқарып келе жатқан Әбілқайыр Сейтмағанбетұлының қажыр­­лы еңбек жолына 21 жыл толып­ты. Яғни сан жылдар бойы мемлекеттік қызметтің көшін дөң­гелетіп, жандануына күш салып жүрген арда азаматтың кәсіби маман­ға айналуының да сыры осын­да.
Ал енді кейіпкердің еңбек жолын баяндасақ. Қожакенттің тумасы 1996 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін «инженер-механих» мамандығымен тәмамдаған. Алдымен, іскерлік дағдысын «Нуриман» шаруа қожалығынан бастаған. Сол кездегі жас жігіттің басты мақсаты, ұшқыр қиялы мен арманы кәсіби маман болумен ұштасады. Осылайша, 1998-2004 жылдары туған жері Қожакент ауылдық әкімдігінде бас маман қызметін атқарады.
Жас маман біліктілігі мен іскер­лігінің арқасында 2014 жылы аудан әкімдігіне ауысып, құжаттамалық қамтамасыз ету, бақылау және есеп бөлімінің бас маманы қызметін жоғары беделмен бағамдай алды. 2015 жылы осы бөлімнің бас инспек­торына тағайындалып, 2017 жылдан бері аталмыш бөлімнің меңге­рушісі қызметін ептілікпен, кәсіби шеберлікпен мүлтіксіз атқа­рып ке­леді.
– Аудан әкімдігінде тек білімділер мен біліктілер ғана жұмыс істей алады. Менің осы салаға бейім­делуіме Әбілқайыр ағайдың қосқан үлесі зор болды. Оның ізденім­паздығы, талапшылдығы, еңбек­сүйгіш­тігі бізге үлгі болуда. Жалпы, қандай мекемеде болсын осындай іскер азаматтар көбейсе нұр үстіне нұр болар еді, – дейді цифрлық технология бөлімінің статист маманы Абылай Төребек.
Бөлімге басшылық ететін іскер азаматтың негізгі міндеті – аудан әкімдігіне келіп түскен құжаттарға мезетінде жауап қайтару, тіркеу, тиісті сала басшыларына жіберіп, құжаттарға бақылау-талдау жасау. Бір сөзбен айтқанда, қағазбен жұмыс жасау, құжаттан қол үзбеу. Мұның бәрі Әбілқайырдың үйреншікті дағдысына айналған.
Қашанда есік қағып келген қара­­пайым тұрғынға жөн сілтеп, азаматтығын танытатын қызмет­кердің елеулі еңбегі үшін алған марапаттары да жетерлік. Атап айтсақ, аудан және облыс әкімінің, облыстық Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің «Алғыс хатымен» марапатталғанынан-ақ оның кәсіби келбетін аңғаруға бола­тындай.
Иә, мұның бәрі – оның іскерлік қабілеті. Ал түзде іскер, отбасында төрт баланың ардақты әкесі атанып, тәлімді тәрбие дарытып отырған ел ағасының отағасылық келбеті де бір басқа. Ұлағатты ұрпағының бойына патриотизм мен рухани құндылықты, білім мен біліктілікті сыйдыра білген абзал әкенің ізін жалғаған ұлдары да мемлекеттік қызметші болуды армандайды екен. Бұл да «Әке көрген оқ жонар» тәмсілінің айғағы болса керек.

P.S:. «Білекке сенген заманда ешкімге есе бермедік, білімге сенген заманда қапы қалып жүрмелік». Абылай ханның осынау аманатын ақтау үшін Әбілқайыр сынды қызметкерлер уақытпен санаспай, ел мүддесі, аудан абыройы үшін елеулі еңбек етіп келеді. Елжандылық, адалдық, кәсібилік ұғымын өн бойы­на тоғыстырған іскер азаматтың өмірлік ұстанымы – ел сенім артқан мәртебелі мамандықты абыроймен атқара білу...

Ханзада ДОШАН


22 маусым 2019 ж. 1 097 0