Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Тынығу жайы руханиятқа жан берді

Тынығу жайы руханиятқа жан берді

  Бесарық деген ауыл бар. Ауасы саф алтындай таза. Табиғаты тамаша. Мұнда облыстық «Талдысу» тынығу лагері орналасқан. Осында жазушы, ақын Әбділда Тәжібаевтың туғанына 110 жыл толуына орай мазмұнды шара өтті. «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында ақынның «Меруерт моншақ тереміз» атты лирикалық өлеңдерін мәнерлеп оқу кеші көңілге қуаныш сыйлады.

  Әсем табиғат аясында әсерлі кешті тізгіндеген аудандық балалар кітапханасының меңгерушісі Мейрамкүл Айымбетова балаларға жазғы демалыстарын қызықты өткізумен қатар, ілім жинаудың маңызын түсіндірді. Драматург, сыншы, әдебиеттанушы, театр зерттеушісі, Әбділда Тәжібаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған жиында балаларды елжандылыққа тәрбиелей отырып, поэзияға деген ықыласты оятуға мән берілді.
Әдеби кеште автордың Сыр бойында өмірге келіп, әкесінен ерте айрылып, анасы Айманкүлдің тәрбиесінде өскені, нағашы атасы Далдабайдан ел аузындағы аңыз әңгімерлерді естіп өскенінен болар, жетім балалар интернатының 3 сыныбында жүргенінде-ақ, газет бетінде алғашқы өлеңдерінің жария болғаны кеңінен әңгімеленді.
Одан әрі қатысушылар ақын шығармалашылығынан жыр шумақтарын шашты. «Жер туралы үш өлеңін» Байқоңырдан келген Аяжан Лагенбаева, «Атам меніңді» қармақшылық Айшолпан Төремұрат, «Ұрпақ» өлеңін қазалылық Алтынай Оразбекқызы, «Қазағым бар, ендеше не қамым бар» шығармасын Байқоңырдан келген Жайна Құлтай, ал, «Жас қазақ» туындысын қызылордалық Еңлік Мансұрова оқып, поэзия әлеміне бір саяхат жасап қайттық.
Сондай-ақ, ақын сөзіне жазылған «Сырдария» өлеңі балалардың орындауында әсем аспан астында қалықтады.
Кешті қорытындылаған аудандық кітапхана басшысы Әсем Тілеубергенова «Лирикалық шығармаларды құлақпен емес, жүрекпен қабылдау керек десек, осы шығармаларды сіздердің қалай меңгергендеріңіз нені сезгендеріңіз, неге тебіреніп, қандай көңіл-күйде болғандарыңызды көріп, қуанып отырмын. Осы биіктікте қанаттарың талмай қызықты жазғы демалыстарыңмен қатар кітап оқуды да жандарыңа серік етіңдер. Өйткені бар білім – кітапта», – деді.
Одан әрі кеш жалғасы қазағымыздың салт-дәстүрін насихаттау барысында «Халық дәстүрі – асыл қазына» атты тақырыптағы сайысқа ұласты. Көнеден келе жатқан асыл қазынамызды дәріптеуді келер ұрпақ бойына сіңіруде жұмысын атқарып келе жатқан Мейрамкүлдің нұсқаулығымен дебатты лагерь тәрбиешісі Ерсұлтан Мұстафаев тізгіндеді.
Алдымен екі топқа бөлінген жігіттер мен қыздардан құралған «Сұңқар» және «Гүлдер» тобы салт-дәстүр аясында берілген тапсырма-сұрақтарға жауап беріп, жігіттер жағы ептілік пен қатар білімділігін паш етіп алға суырылып шықты. «Селтеткізер», «Бәсіре», «Ерулік», «Енші алу», «Тоқымқағу», «Байғазы» деген сияқты дәстүр саласында келген сұрақтарға балалардың көп ойланбастан жауап бергені көңілді бір серпілтіп тастады.
Сайыста төрешілік еткен аудандық кітапхана басшысы Әсем Тілеубергенова, аудандық балалар кітапханасының меңгерушісі Мейрамкүл Айымбетова, Бесарық ауылдық кітапхаханың кітапханашысы Шара Қайырбергенова және лагерь кітапханасының кітапханашысы Бибізөре Кайтенова балаларға әділ бағасын беріп, өнерлерін тамашалады.
Қорыта айтқанда, қазақтың салт-дәстүрімен, әдет-ғұрпымен топтық сайысқа түскен балалар білімін шыңдап, қазақ халқының байлығын бойына сіңіріп, ғибратты кештен көңілді тарқасты.

Лаура БИБАСАРОВА.


18 маусым 2019 ж. 1 185 0