№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » АПАТ АЙТЫП КЕЛМЕЙДІ

АПАТ АЙТЫП КЕЛМЕЙДІ


Мамыр айы шомылатын мезгіл. Енді жасөспірім мен жастар көлдер мен каналдарды жағалап кететіні белгілі. Тіпті, Сырдария өзенін жағалайтындар аз емес. Алайда, олардың арасында суға жақсы жүзетіндер, енді үйреніп жатқандары болады. Мұндайда қауіпсіздік шараларын арттырмаса болмайды. Аудандық төтенше жағдайлар бөлімі осы мәселеге мейлінше сақ болуға шақырады.

– Соңғы үш жылда облыс көлемінде 50-ден аса тұрғын су апатынан қаза тапты. Оның ішінде, балалар да бар. Мәселен, 2018 жылы облыс бойынша суда 22 адам қаза болса, соның 8-і жасөспірімдер. Биылдың өзінде бір жас су айдынында жан тәсілім етті. Әрине, мұның барлығы ауыр жағдай, сондықтан жаз маусымы аяқталғанша абай болған жөн. Біздің тараптан да ескертпе жұмыстарын жиі жүргізіп келеміз. Айыппұл да салып жатырмыз. Алайда нәтиже төмен, – деді мекеменің бас маманы Елжан Шегебаев.
2018 жылдың қорытындысымен Респу­блика бойынша статистикалық мәліметке сүйенсек, суға батқан адамдар саны 355-ке жетсе, оның ішінде суға шомылу маусымы кезінде қаза болғандар саны 327-ні құрады. Олардың үштен бірі балалар екен. Ал, 2019 жылы суға шомылу маусымы басталмаса да елдегі су айдындарында 10 адам суға кетсе, оның екеуі Қызылорда облысында тіркелген.
– Суда адамдардың қаза болуы­ның негізгі себебі қауіпсіздік ереже­лерін өрескел бұзылуында. Өзен немесе канал­дардың кез-келген, әрі зерттелмеген жерлеріне түсуі, спирттік ішімдік ішіп түсу, балалардың ересектерден бақылаусыз су жағасына түсуі және олардың жүзе білмегендігі қайғылы оқиғаларға әкеп соқтыруда. Оған аудан аумағында адамдар суға түсуге арналған белгіленген орындар жоқтығы да әсер етуде.
– Қандай шаралар атқарылып жатыр?
– «Су айдындарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету іс-шараларын құзырлы мемлекеттік мекемелермен бірлесіп ұйымдастыру туралы 2019 жылға арналған» кешенді жоспары аудан әкімінің орынбасары Адай Салыбековпен бекітілді.
Енді 2018 жылы атқарылған жұмыстар туралы тоқталсақ. Аудан бойынша кент және ауылдық округтердегі адамдар көп жиналатын орындарда 27 дана билборд ілінсе, суға шомылу орындарына 55 дана ескерту тақтайшалары орнатылды. Жаңа­қорған ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі, өрт сөндіру бөлімі және Полиция бөлімі қызметкерлерімен аудан көлемінде күнделікті су айдындарына рейдтік жұмыстар ұйымдастырылды. Нәтижесінде, су айдындарындағы қағидаларды бұзған 11 жеке тұлғаға ҚР әкімшілік-құқық бұзушылық Кодексінің 364 бабының 1 бөлімімен әкімшілік шара қолданылды. Оның ішінде төртеуі кәмелет жасына толмаған балалар. Биыл да осы жұмыстар атқарылатын болады, – деді бас маман.
Қазіргі таңда аудан аумағындағы су айдын­дарының ішіндегі ең қауіптісі Сырдария өзенінің ескі пантон тұсындағы жерлер екен. Сырдария өзенің жағасы тік жарлы болып келеді. Соның салдарынан адамдардың өзен жағасында суға кету фактісі жиі кездеседі, – дейді мамандар. Сонымен қатар суы қыс айларында таудан келген қарғын суларымен толығып отыратын көлде де үлкен қауіпті орындардың біріне айналды.
Апат айтып келмейді, сондықтан қан­дай жағдай болмасын су айдындарында абай болған жөн. Себебі, жылда судан келетін қауіп тыйылар емес.

Әлібек ТЕМІРБЕК.
25 мамыр 2019 ж. 1 124 0