№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қауіп айтып келмейді

Қауіп айтып келмейді



Жаймашуақ жаздың алғашқы күндері де ентеледі. Алайда, ауа райы әлі де құбылып тұр. Сондықтан, табиғат аясында әсіресе су жағасында абай болғаныңыз абзал. Реті келсе дарияға шомылмауға тырысыңыз. Себебі, соңғы үш жылда Жаңақорғанда судан сегіз адам қаза тапты. Оның жартысы жастар.
Сондықтан, ата-аналар балаларға бақылау жасап, бағыт-бағдар жасап отырғандарыңыз жөн. Биыл Төтенше жағдайлар бөлімінің өтініштерді, арыздарды хабарламаларды есепке алу кітабының электронды базасына 5 айда 41 ақпарат тіркелді. Оның ішінде өрт оқиғасы, өртке жатпайтын жану оқиғасы, тоққа түсу мен тамақтан улану жағдайы тіркелді. Ең өкініштісі, суға кету оқиғасы орын алып отыр.
Айта кетейік, орын алған өрттер баланың отпен ойнауы, ашық отты пайдаланудағы аңғалдық, электр желілерінің қысқаша тұйықталуы салдарынан орын алды. Сондықтан, жазғы маусымдарда аулада ашық отты пайдаланғанда өрт қауіпсіздігі ереже талаптарын сақтап, кәмілет жасына толмаған балаларды үйде жалғыз қалдырмау, тұрғын үйлерде өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтау қажет.
Жаңақорған ауданында су айдындарында азаматтардың әртүрлі себептермен қайғылы жағдайларға ұшырауы, әсіресе жаз айларында суға шомылу маусымында судағы адам қазасы өзекті мәселеге айналды. Қайғылы жағдайлардың басты себебі азаматтардың өзен немесе каналдардың кез-келген, әрі зерттелмеген жерлеріне суға түсуі. Спирттік ішімдік ішіп суға түсу де белең алды.
Түйіндей айтқанда, төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында жаз маусымында ата-аналар балалардың бос уақытына қадағалау жасау қажет. Белгіленбеген өзен, көл, су қоймаларына суға түсуге болмайды.

Төтенше жағдайлар бөлімі.
05 маусым 2018 ж. 1 228 0