» » АПАТ АЙТЫП КЕЛМЕЙДІ

АПАТ АЙТЫП КЕЛМЕЙДІ

Суға түсу маусымының нағыз қызған шағы. Шілде айы, аптап ыстықта әсіресе ойын балаларының көл жағалап, одан қала дария төңірегін торауылдайтыны рас. Алайда, жыл сайын соның салдарынан адам қазасы орын алып жататыны жанымызға батады. Сондай-ақ, өрт мәселесі де өршіп тұр. Осындай жайттарды болдырмау мақсатында қандай шаралар жүргізіліп жатқаны және ата-аналарға қандай ақыл-кеңес айтатынын білмекке Төтенше жағдайлар бөлімінң бастығы Берікбай Омаровпен тілдестік.
Жалпы, аудан аумағында 215 шақырым құрайтын Сырдария өзені мен бастауын содан алатын 5 канал және 22 көл, 6 су қоймасы бар.
– Соңғы 5 жылдың көлемінде облыс бойынша су айдындарында 80 қайғылы жағдай орын алса, оның ішінде 29 ересек адам мен 51 жасөспірім балалар қаза тауып отыр. Жаңақорған ауданы бойынша 10 қайғылы жағдай орын алса, оның ішінде алтауы ересек, болса 4-еуі жасөспірім. Барлық орын алған төтенше жағдайлардың себептері суға түсуге тыйым салынған жерлерге тұрғындардың жиі баруынан. Сондай-ақ, мектеп жасындағы балалардың ата-анасының бақылауынсыз қалуы және ішімдік ішіп суға түсу салдарынан бір шаңырақ қара жамылып жатады. Сондықтан барынша сақ болған жөн, – деді Берікбай Әбдімәжитұлы.
Иә, биылдың өзінде балық аулау кезінде қайығы аударылып суға тұншыққан тұрғын қайғылы жағдайға душар болса, ата-анасының бақылауынсыз қалған бір жасөспірім каналға құлап, мерт болды. Ал, кеше ғана кездейсоқ кеткен жас суға ағып, мәңгілік мекеніне аттанды. Әрине, 6 айда орын алған үш апат ауыр тиді.
– Алдын алу шаралары қалай жүзеге асуда?
– Кент және ауылдық округтердің орталық көшелері бойынша судағы төтенше жағдайлар мен өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында билборттар орнатылды. Су айдындарының жағасына суға түсуге тыйым салынғандағы жөнінде ескерту жазылған тақтайшалар орнатылды. Сондай-ақ, азаматтық қорғау Гарнизонының және АІІБ қызметкерлерімен төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында күнделікті аудан көлемінде су айдындарында арнайы рейдттер ұйымдастырылуда. Рейд жұмыстары барысында тыйым салынған жерлерге суға түскені үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 364 бабының 1 бөлігімен 7 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 4 жасөспірім ата-анасына балалардың бос уақытында бақылау жасамағандығы үшінәкімшілік  жаупакершілікке тартылды. Осындай шаралар атқарылып жатқанына қарамастын суға түсушілер саны азаяр емес, – деді бөлім бастығы. Әрине, 50 градус ауа температурасында тұрғындарды да түсінуге болады.
Енді өрт мәселесіне ойысайық. Соңғы 5 жылда аудан  көлемінде 178 өрт оқиғасы мен 216 өртке жатпайтын жану оқиғасы  орын алған. Оның ішінде 20 өрт нысандарда, 117 өрт тұрғын үйде, 41 өрт басқада орындарда орын алыпты. Ал, жыл басынан бері 6 айда 46 хабарлама тіркелсе, оның ішінде 16 өрт оқиғасы, 24 өртке жатпайтын жану оқиғасы тіркелген. Тіркелген 16-өрт оқиғасының 10-тұрғын үй секторларында орын алған өрттер, 3-еуі автокөліктегі өрт болса, қалған үшеуі нысандағы өрт. Ең өкініштісі Жаңақорған кентінде тілсіз жау жиілепті.
Орын алған өрттердің негізгі себептері: электр желелерінің қысқаша тұйықталуы, тұрмыстық электр құралдарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ереже талаптарын орындамау салдары, отпен абайсыз болу салдары және басқа да жағдайдан зардап шеккендер жетерлік.
– Аудан көлемінде тұрғын үйлерде өрт оқиғасының жыл санап өсіп келе жатқаны байқалады. Сондықтан, жылу беру маусымында пештер, қазандықтар және басқа да жылу беру құралдары мен жүйелері жөнделіп, тексеруден өткізілуі қажет. Сондай-ақ, үйді жылыту үшін газ плиталарын қолданбағаныңыз абзал және балаларды қараусыз қалдыруға болмайды. Егер бір жағдай орын алғанда міндетті түрде «101», «112»  немесе «23-1-01» телефонына хабарласыңыз, – деді Б.Омаров.
Түйіндей айтқанда, апат айтып келмейді, сондықтан қандай жағдай болмасын сақ болған абзалырақ. Қазақта бір сөз бар ғой «сақтансаң сақтайды»...
24 шілде 2018 ж. 1 410 2

Гость Jeahulalf от 12 ақпан 2019 09:29
Cytotec Et Pose De Mirena O Acquistare Beni Kamagra canadian pharmacy cialis Sildenafil 50 Mgs On Sale In Canada Achat Cialis Au Quebec

Гость Jeahulalf от 4 наурыз 2019 13:59
Prix Cialis Espagne 2275 93 Amoxicillin Dutasteride Medicine On Line viagra Cheap Viagra Samples K Cl Provera Internet Medication. Discount Online Cod Only Provera Veraplex Visa Pharmacy. Cheap Free Shipping Provera Internet Website Cash On Delivery