№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » «САҚТАНСАҢ САҚТАЙДЫ»

«САҚТАНСАҢ САҚТАЙДЫ»

Жаңақорған ауданының Төтенше жағдайлар бөлімімен өртке қауіпті және суға түсу маусымда аудан көлеміндегі елді мекендерде азаматтардың өрт қауіпсіздігі мен судағы қауіпсіздігін сақтау, қауіп-қатердің алдын алу мақсатында, профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. Аудан бойынша кент, ауылдық округтерде билбордтар мен ескерту тақтайшалары орнатылған. Сырдария өзенінің бойында суға шомылу маусымы аяқталғанға дейін күнделікті азаматтық қорғау органы мен полиция қызметкерлері бірлесіп рейдтік жұмыстар жүргізуде. Рейдтік жұмыстар жүргізу барысында 11 азаматқа әкімшілік хаттама толтырылды.
Бірақ, жүргізіліп жатқан профилактикалық үгіт-насихат жұмыстарына азаматтарымыз ешқандай құлақ аспай, төтенше жағдайлардың орын алуына жол беруде. Атап айтқанда: азаматтардың жазғы суға түсу маусымында белгіленбеген орындарға суға түсуі, балалардың ата-аналарының бақылауынсыз су жағалауларына баруы, ересектердің спирттік ішімдік ішіп суға түсуі салдарынан адам қазасының орын алуы және балық аулау кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтамау басты себеп болып отыр. Соңғы 4 жылда аудан бойынша 11 адамның суда қаза болу фактісі тіркелсе, биылғы жылдың осы уақытына дейін 3 адамның суда қаза болу жағдайы тіркелген. Осындай қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін, ата-аналардың жазғы демалыс уақытында балаларын әрдайым бақылауда ұстауға, азаматтардың белгіленбеген орындарға суға түспеуге шақырамыз.
Жоғарыда аталған жағдайлар алдағы уақытта қайталанбас үшін, аудан тұрғындарына қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауын сұраймыз. Төтенше жағдай орын алғанда 101;112 немесе 23-1-01 телефондарына хабарлаңыз.
25 шілде 2018 ж. 1 547 0