Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Медициналық сақтандыру қорына түскен жарна 150 млрд теңгеге жуықтады

Медициналық сақтандыру қорына түскен жарна 150 млрд теңгеге жуықтады

   2019 жылдың ақпан айында Медициналық сақтандыру қорына 7,6 млрд теңгеден астам жарна түсті. Тұтастай алғанда жүйе іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесінен 2019 жылдың 28 ақпанына дейінгі аралықта жинақталған жарнаның жалпы сомасы 149,2 млрд теңгені құрады. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА Қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
ÐедиÑиналÑÒ ÑаÒÑандÑÑÑ ÒоÑÑна ÑÒ¯Ñкен жаÑна 150 млÑд Ñеңгеге жÑÑÒÑадÑ
   Келтірілген мәліметтерге қарағанда, Қорға түскен қаражаттың 140,5 млрд теңгесі (шамамен 94,2%) жұмыс берушілердің аударымдары. Ал қалған 8,7 млрд теңге (5,8% жуығы) - жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі.

   «Аймақтық тұрғыдан алғанда, жарна төлеу жағынан бұрынғыша Алматы, Астана қалалары мен Қарағанды облысы көш бастап тұр. Жинақталған қаржы Ұлттық банкте сақталады. Болашақта МӘМС пакеті шеңберіндегі қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады. Еліміздің бас банкімен қаржыны сенімгерлік басқару туралы келісім бекітілген» делінген баспасөз баянында.  
04 наурыз 2019 ж. 1 569 0