№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЖАҢАҚОРҒАНДА ЖАҢА ӨНІМ НАРЫҚҚА ЖОЛ ТАРТТЫ

ЖАҢАҚОРҒАНДА ЖАҢА ӨНІМ НАРЫҚҚА ЖОЛ ТАРТТЫ


Нарықтық заманның көшіне ілігу – бүгінгі күннің басты талабы. Іліккен күннің өзінде бәсекеге қабілетті болу шарты тағы бар. Ол отыздыққа бастайтын басты меже. Белсенді әрекет ететін шағын және орта бизнес субьектілері тұрғысынан біздің аудан көш ілгері екені айқын. Әрі жаңа жобаларды жергілікті жерде жүзеге асыруда да Жаңақорғанда ілкімді істер бар. Соның бір айқын дәлелі – аудан орталығында құрылыс материалын шығаратын шағын зауыт іске қосылды.
Отбасылық бизнестің көркін қыздырған Серік Азнабаев ағамыздың әулеті кәсібін кеңейтіп, тағы бір жаңа өндірісті іске қосты. Бізде Серік ағамыздың ұлы Болат жетекшілік ететін шағын зауытқа барып, қарбалас жұмыстың қарекетіне қанықтық. Бақсақ, бұрындары қалалық өңірде зәулім ғимараттарға жиі қолданатын газоблок өнімі біздің ауданға да қолжетімді бола түсіпті. Құрылыс нысандарына газобетон қолдану – бұл еңбек шығынын азайтады екен. Жаңа өнімнің өзге де біз білмейтін ерекшеліктерін Болат Азнабаев айтып берді. Оның айтуынша, бұл кәсіп түрін бастамас бұрын осы саланың қыр-сырына әбден қанығып алған. Әуелі Ресейдің Барнауыл қаласыдағы «АлтайСтройМаш» атты құрылыс жабдықтарын шағаратын компанияға барады. Жаңа технологияға негізделген құрылғыларды көзімен көріп, газоблок шығаратын аппараттың автоматтандырылған нұсқасын алуға бел байлайды.
– Газоблок – бүгінгі заманғы әмбебап құрылыс материалы. Үлкен қалаларда құрылыс кешендері мен нысандар осы газобетонмен бой көтеруде. Бұл өте төзімді. Құрылыстың кез келген түріне қолдануға ыңғайлы. Дыбыс жұтылымы мен жылусақтағыштық қасиеті жоғары. Әрі ұзақ жылдарға шыдамды. Десе де, шағын зауытты бірден бастап кету оңайға соқпады. Себебі, мұндай жоба Жаңақорғанда жалғыз. Бұған дейін жаңақорғандықтар газоблокты Түркістан, Шымкент қаласынан тасымалдайтын. Заманауи құрылғыны Ресейден сатып алғаннан кейін, арнайы ғимарат тұрғыздық. Өйткені, стандартқа сай сапалы өнім шығару үшін барлық техникалық шарттарын сақтау қажет. Өзге өңірлердегі секілді ашық алаңқайда емес, осындай арнайы жел өтінен таса кешенде жұмыс жасаудамыз, – дейді Болат Серікұлы.
Расында қарапайым ғана құм, цемент және қосымша қоспалардан жасалынатын газоблоктың біз білмейтін қасиеттері көп екен. Тың технологияның жұмыс істеу процесімен жақынырақ таныстық. Әлгінде айтқандай, ыстық су, құм, цемент компютерлі өлшемнен өтеді. Соңыра, газобетон қорытпалы бұлғағышта 5 минут шамасында «қамыр» жасалып, қосымша қоспалармен араластырылады. Содан соң алюминий опасы бар шамалы сулы суспензия қосылып, өзге қоспалармен реакцияға түседі. Алюминилі паста қосылған соң езбені үлкен арнайы металл ыдыста араластырылады. Осы тұста қоймалжын құрамда көтерілу процесі өтеді. Яғни, «қамыр» ашиды. Осылайша газоблоктың жеңіл болу себебі – материалдың белгілі бөлігін газды көбік құрайды. Одан әрі қорытынды кезеңде жұмысшылар фасадты қабатына түзеу жұмыстарын жүргізеді. Жалпы заманауи технологияларды қолдану арқылы газоблоктың тігі мен көлденеңінің өлшемі бірдей болады. Теп-тегіс. Ал, қалыптарға арнайы жылжымалы рельс арқылы құйып шығады. Міне, осындай процестен өткен құрылыс материалы сапалы болып нарыққа шығарылады. Әзірге Жаңақорған кентін газоблокпен қамтамасыз етуге бел байлаған кәсіпкер келешегі Қызылорда облысы мен түскейдегі көршілес қалалардың нарқына шығару жоспары бар.
Десе де, газобетонның көлемі үлкен болғанымен салмағы жеңіл. Әрі тұтынушы тапсырысына сай көлемін өзгерте береді. Бүгінде Түркістанның нарықымен әр данасын 450 теңгеден пұлдап жатқан кәсіпкер тұрғын үй құрылысына аз көлемде ғана кететінін жеткізді. Себебі, үш шлакаблоктың орнын басатын бұл өнімнің басқа да құрылыс материалдарынан шығыны аз. Оған қоса, экологиялық тұрғыдан қауіпсіз екенін білдік. Яғни, газоблоктың өз бойындағы қуысты құрылымына сай «демалғыш» қабілеті бар. Осы қуыстар арқылы бумен залалды заттар сыртқа шығып, ал даладан үй ішіне таза ауаны алмастырады.
Иә, Ауған соғысының ардагері, ауданға танымал кәсіпкер Серік Азнабаев ағамыздың отбасы бұған дейінде шлакаблок өндірісі, көлік жөндеу шеберханасы, құрылыс заттарын сату орталығын жолға қойған. Кәсіпкерлікпен қоса, көптеген жұмыс көзінің ашылуына жағдай жасауда. Бір ғана, газоблок өндіретін шағын цехта 5 адамды жұмыспен қамтыған. Күндігіне тапысырыс көлеміне қарай 400-ге жуық қабырғалы блок құятын жұмысшылардың айлығы да көңілге қонымды. Яғни, 80-100 мың теңге аралығында. Ендігі тек отандық өнімге қолдау көрсету ғана қалды. Түйін орнына, тұздық болсын. «Біз өз кәсіпкерлерімізді қолдауда, әрқайсымыз отандық өнімнің тұрақты әрі белсенді тұтынушысы болуымыз керек. Бұл біздің бойымызда патриоттық рухты қалыптастырып, жани түседі. «Қазақстан жасалған» әрбір бұйымда төрт қасиеттің болуын айрықша атады. Олар: сапалы, ыңғайлы, әдемі және арзан». Бұл Елбасы Жолдауынан үзінді.

Әбдісамат ӘБДІШ.
21 сәуір 2018 ж. 1 218 0