№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ҒАЛАМТОРДЫҢ ҒАЖАБЫ МЕН АЗАБЫ

ҒАЛАМТОРДЫҢ ҒАЖАБЫ МЕН АЗАБЫ

  Осыдан біраз бұрын телехикаяларды апталап, айлап, жылдап жалықпай көретін әйелдерімен ері сөзге келіп қалып жататын. Сол кезде мынадай анекдот болды. Атасының алдында еркелеп отырған немересі: «Ата, бұрын шеңгел мен жыңғылдың арасында жын-шайтандар болады деуші едіңіз. Қазір неге көрінбейді?»,- дегенде атасы: «Ей, айналайын-ай! Олардың барлығы жиналып теледидарға кіріп кетті ғой», – деп күрсініп, сақалын сипапты.

Сол секілді, теледидардағы жын-шайтандардан құтыла алмай жүргенде, ол пәлекеттер қазір ұялы телефон мен смартфонға кіріп кетті. Қазір, қай үйге барсаңыз да, сәбилерін смартфонмен уатып отырған әйел, келіншек. Бесіктен белі шықпаған бүлдіршіннің қолынан телефонды тартып алу – ол отбасындағы үлкен айғай мен бітпес даудың басы. Ертелі кеш айфонға үңілген бүлдіршіннің жүйке жүйесі мен көзі сау болады деп ешкім де айта алмас. Ұялы телефонның адам ағзасына әкелетін радиактивтілігі туралы ғалымдар да жар салуда. Ұялы телефон радиация тарататыны үшін өте зиянды. Бір сәттік үшін зияны аңғарылмауы мүмкін. Бірақ ұзақ уақыт қолданылғанда зияны өте көп. Ми, көз, құлақ, кеуде, жүрек және басқа да мүшелерде дегенерация пайда болады.
Тақырыпқа тұздық болсын. АҚШ дәрігері Девра Давис былай деген: «Ұялы телефонымен сөйлескен кезде, ми жасушаларының бір бөлігі өле бастайды.» Әсіресе, жас балаларға, жүкті әйелдерге және егде жастағы кісілерге өте зиянды. Оны көйлекте емес, сыртқы қалтада алып жүру керек. ДНК-ның бұзылуына да себеп болады. Есте сақтау қабілетіне және шаш тамырларына зиян келтіреді. Бір күнде 20 минуттан көп сөйлеспеу керек. Ұялы телефондар әсіресе желі ұстамай тұрғанда және батарейкасы азайған кезде көп радиация таратады. Жатарда да телефонды өзінен кемінде 1-1,5 метрге алыстатып қою керек. Сөйлескенде құлақты жиі ауыстыру керек.
Көптеген адамдар, әсіресе ғаламтор қолданушылары, ғаламтордың адамзаттың ең үлкен жетістігі екендігімен келісері анық. Ол, қалтқысыз ақпарат көзі болуымен қатар, адамдарға қажет біліммен сусындауға, қиюы келмес мәселелердің шешімін табуға көмектеседі. Әлемдік тордың жан-жақты, білімді, көзқарасымыз кең болып, көптеген қызықты дүниелерді үйренуімізге себі мол. Оған қоса, ғаламтордың тағы бір артықшылығы - мемлекеттер мен құрлықтар арасындағы шекараны жойып, адамдарға араларындағы қашықтыққа қарамастан бір-бірімен араласуға, сөйлесуге мүмкіндік беруінде. Кей адамдар ғаламтор арқылы мамандық алып, жұмысқа орналасып жатады. Бұлардан бөлек, ғаламторды жолын білгендер табыс көзі ретінде қолдана алады. Соңғы жылдарда дәл осы ғаламтормен байланысты түрлі мамандықтар пайда болған. Әрине, ғаламтордың пайдасы мол екендігі даусыз. Алайда, оның зияны да аз емес.
Ғаламтордың зияны жайлы сөз болғанда, ең бірінші қозғалатын тақырып – ғаламторға тәуелділік. Ғаламтор қолданушыларының 10%-ы ғаламторға тәуелді екендігі ғылыми дәлелденген. Тіпті, олардың бірқатары ғаламторды үй, тағам, су іспетті өмірлік маңызды дүние деп есептейді. Оңтүстік Корея, Қытай, және Тайваньда ғаламторға тәуелділікті ұлттық деңгейдегі қауіпті мәселе ретінде қарастырады. Десе де, ғаламтордың зияны тек мұнымен шектелмейді. Компьютер мониторының алдында ұзақ уақыт отырудың өзі көзіміздің көруіне теріс әсер етсе, компьютер алдында дұрыс қалыпта отырмағанның салдарынан қимыл-тірек ағзаларына зиян келеді. Адамның жүйкесіне кері әсер ететін ақпараттарды да ғаламтордың зиянды жағына қоса аламыз. Ғаламтор арқылы алаяқтар жеке тұлға жайлы мәлімет алып, оны өз мақсатына қолдануы мүмкін. Сонымен қатар, әлемдік тор арқылы компьютер жүйесіне зақым келтіріп, зиянын тигізетін вирустар да тарайды.
Бүлдіршіндерді компьютерсіз көзге елестету де қиын болып бара жатыр.Күндіз үй көрмей, түнде ұйқы көрмей жұмыс істейтін ата-аналар үшін де компьютер балаларын алдарқайтын жақсы құралға айналды. Мамандардың сөзіне қарағанда, осы ғаламтор желісінің балалардың психологиясына қаншалықты зиянын тигізіп жатқанын көп ата-ана біле бермейді.Білседе, одан балаларын қорғаудың жолдарын меңгермеген.
Біріншіден, әр ата-ана баласына ғаламтор туралы толық мәлімет беруі тиіс. Оның пайдасымен қоса зияны туралы да айтуы керек. Балаларды ғаламтордан қорғайтын жалғыз періште – ата-ана. Қазір неше түрлі ақша табуға құралған сайттар бар.Бірақ ата-аналар да, ұстаздар да, тіпті балалардың өздері де көп ескере бермейтін бір мәселе бар, ол – ғаламтордың қауіптілігі, ондағы кейбір дүниелердің адам психологиясына кері әсер етуі. Мәселен, қазіргі күні ата-аналардың көбі ғаламторда балаларды кішкене күнінен терроризм мен экстремизмге, зорлық-зомбылыққа тәрбиелейтін қара ниетті сайттардың бар екенін білмейді.Балалар интернетті ақтарып отырып, оларға кіріп кетеді. Егер ата-аналары қадағаламаса, бұл оларға үлкен шығын алып келуі ғажап емес. Шығыны өз алдына, кей сайттардан балалардың суйцид, өзіне-өзі қол жұмсауға деін әкелетін сайттар бар. Бұдан басқа интернеттегі бұзақылар, мәселен, хакерлер балаға шабуыл жасауы мүмкін.Яғни, әрбір ата-ана, ұстаздар қауымы балаларға ғаламтордағы кейбір сайттардың зияндылығы туралы айтып отыруы керек. Балалар ғаламтор арқылы не бір ұятсыз көріністер көреді. Интернет арқылы танысады. Мектеп жасындағы баланың сабаққа дайындалғаннан гөрі көп уақытын ұялы телефонына үңілумен өткізеді. Ол неге үңіле береді десеңіз, әрине ол ішіне сабағын жазып алған жоқ. Небір түрлі қырғын атыс-шабыс ойынын, өзгелермен танысып,ұятты көріністер қарайды. Міне, содан барып, ол баланың өмірге көз-қарасы психологиясы өзгереді. Ұрлық-зорлық көбейеді. Жас бала еліктегіш келеді. Әрі жаман затты көрген сайын, естіген сайын елтиді. Дегенмен де, интернеттің жақсылықтарымен бірге келеңсіз жақтары да барын естен шығармағанымыз жөн. Ғаламторға қосылу үшін әрине бізге компьютер керек. Ал, әр күнін компьютер алдында өткізу денсаулыққа орасан зиян. Ол адам ағзасына қауіп төндірумен қатар, сананы улаумен шектесетіні белгілі.Компьютер алдында ұзақ отырса, адамның көзі, жауырыныауырады және қимыл-қозғалысына,адам психоло­гиясына да әсер етеді.
Мамандардың айтуынша, бала компьютерлік ойындардың қызығына 4-5 жасынан бастап үйренеді. Егер, осы бастан жүгендемесе, бұл есейген­де, құмар ойындарына түбе­гейлі тәуелділікке апарады. Олай дейтін себебіміз, бұл орталыққа «тәуелділіктен» арылуға жәрдем сұрап келгендердің қатарында жоғары сынып оқушылары, студенттер, тіпті букмекерлік кеңседен қалай құтылудың жолын сұраған атпалдай азаматтар да бар. Яғни, ХХІ ғасырдың «жетістігі» барлық жастағыларды өзіне баурап алған. Бұл өз кезегінде бүлдіршіндердің психологиясына кері әсер етсе, мектеп оқушылары қажетті білімді игеруде артта қалғаны былай тұрсын, тәрбиесі тым төмендейді. Ал, ересектер соңында ақшасынан, жұмысынан, тіпті отбасынан да айырылып жатады. Бұл мәселеге ата-аналардың бей-жай қарамағаны жөн. Компьютерде көп ойнайтын баланың психологиясында ауытқушылықтар біліне бастайды. Бойында іштей қарсылық, көңіл күйінде ауытқушылық, ырықсыздық пен шамшылдыққа бой алдырады. Сондықтан, баласының болашағын ойлайтын ата-аналардың бәрі қауіпті дерттің алдын алғаны жөн. Баланың бос уақытын тиімді пайдалану үшін ақыл-ойды дамытатын үйірмелер мен білім беру орталықтарына жаздыртқан абзал. Әрбір отбасында көрініс тауып отырған бұл құбылыспен қоғам болып күреспесе болмайды.

Ескендір ЕРТАЙ.
09 сәуір 2019 ж. 2 864 0