№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жаңа ауылдағы мереке

Жаңа ауылдағы мереке


Отыз күн ойын, қырық күн тойын тойлайтын дәстүр қазаққа ғана тән қасиет. Әсіресе, Ұлыс күні алты алаштың басы қосылып, ұлық күнді дүркіретіп тойлайтын қазақ халқының бүгінгі ұрпағы сол дәстүрден жаңылған емес. Қырық күн ат шаптырып той жасамаса да, атадан қалған асыл дәстүрден жаңылмай келеді. Сондай ауызбіршілікті кенттегі жаңа ауыл тұрғындары көрсетті. Аға буынның ақылымен інілік ізеттілік көрсеткен тойға куә болдық.
Наурыз көже беріп, тайлардың дүбірін естіртіп, спорттың түр-түрінен жарыс ұйымдастырылды. Шағын футбол, қол күрес арқан тартыс және басқа да спорт түрінен дүбір өткізіп, жеңімпаздарға сый көрсетті. Бір шаңырақтың балалары болмаса да, бір мөлтек ауданның 1978-98 жылы туылған азаматтары ауызбірішілік танытып, ас берді. Алдымен, жаңа ауылдықтар мерекелік думанның көркін шағын футболмен қыздырды. Әр жылғылар құрдастар атынан сынға түсіп, аяқ доптан кенде емес екендерін көрсетті.
– Наурыз – береке-бірліктің, теңдіктің, жақсы тілеудің, қайта түлеудің мерекесі. Осынау Ұлыс күнінде алыс пен жақынның басын қосыуды жөн көрдік. Биыл тұңғыш рет жоғары деңгейде бас қосып, той жасап отырмыз. Бұл үрдіс енді жылда жалғасын табатын болады. Жалпы, бұл игі іске тұрғындардың көзқарасы өте жоғары. Сондықтан, ауылдастарды Ұлыс күнімен құттықтаймыз, – деді Жеңіс Әбділламитұлы.
Иә, келесі аптада тай жарыстырып, бәйгеде кіл жүйріктер топ жарды. Жаңақорғандықтардың қанына сіңген аламан спортының жеңімпаздары жүлдесіз қалмады. Осындай игі істерге мұрындық болып жатқан қазақ халқының төл мерекесіне айналған Наурыз мейрамын келер жылы биылғыдан да биік деңгейде көреміз деген ниеттеміз. Ең бастысы, бірлігі жарасқан бір мөлтек ауданның жастарын демейтін аға буынның қолдауы болса болғаны. Мұндай өнегелі істің өрісін кеңейту үшін ат салысқан ағайынға үлкендер батасын беріп, ризалығын білдірді.

Орынбай НҰРЖАНҰЛЫ.
17 сәуір 2018 ж. 1 124 0