№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жаңақорған ауданында "Татуласу орталығы" ашылды

Жаңақорған ауданында "Татуласу орталығы" ашылды



Жаңақорған аудандық сотының ұйымдастырумен 19 наурыз 2018 жылы «Татуласу» орталығы, яғни дауды сотқа дейінгі реттеу және татуласу рәсімдері орталығы ашылды.
Аталған шараға Жаңақорған аудандық сотының төрағасы Н.О.Қосанов, аудан прокуроры Н.С.Дүйсенбаев, Жаңақорған ардагерлер кеңесінің төрағасы З.Шермағанбетов,Жаңақорған ауданының әкімінің орынбасары Б.Е.Айтбембет, Жаңақорған аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Б.Төлегенов, Қазақстан Қызылорда телеарнасының тілшілері,кәсіпқой және кәсіпқой емес медиаторлар және жергілікті «Жаңақорған тынысы» газетінің тілшілелірі және аудан тұрғындары қатысты.
«Даулардың сотқа дейінгі реттелуі – тараптардың іс-әрекеттері туындаған келіспеушіліктерді сот органдарының қатысуынсыз шешуге бағытталған, туындаған жанжалды реттеудің тиімді және мәдениетті құралы болып табылады. Бітімгерлік рәсімдерді дамыту - бұл заң үстемдігін қамтамасыз ету  қағидатын жүзеге асырудағы басым бағыттардың бірі»,- деп атап өтті  аудандық сот төрағасы Н.О.Қосанов.
Орталықта азаматтар келіссөздер, талап қою рәсімі, медиация, оның ішінде сот медиациясы, татуласу келісімдері, атқарушы жазбалар, партисипативтік рәсім сияқты алуан түрлі дауды реттеудің балама рәсімдерін жүргізу тәртібінің ерекшеліктері, артықшылықтары туралы түсіндірулер алады. Өтініш берушілер келіскен жағдайда медиаторлардың көмегі сол жерде көрсетілетін болады. Халықтың осал топтарына Орталық тегін қызмет көрсететін болады.
Татуласу орталықтың ашылуы дауларды сотқа дейінгі реттеу институтын және татуласу рәсімдерін дамытуға, сот органдарына жүктемені төмендетуге, мемлекет пен тараптардың дауларын шешудегі шығындарын азайтуға үлкен серпін береді.

Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі.
20 наурыз 2018 ж. 1 693 0