№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жаңақорған аудандық сотының төрағасы ауылдық округ тұрғындарымен кездесті

Жаңақорған аудандық сотының төрағасы ауылдық округ тұрғындарымен кездесті


Жаңақорған
аудандық соты төрағасымен 27 ақпан 2018 жылы бекітілген «Сотсыз татуласу орталығы» (дауды сотсыз шешу) пилоттық жобасын жүзеге асыру» жөніндегі ағымдағы жылдың 1-ші жартыжылдығында атқарылатын іс-шаралар жоспарының 1-ші бөлігін орындау мақсатында, аудандық соттың төрағасы 15 наурыз 2018 жылы Жаңақорған ауданының Сунақата, Екпінді, Төменарық, Қожамберді, Сүттіқұдық, Жайылма ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесу өткізді.
Аталған іс-шараға аудандық соттың төрағасы, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы, аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалының төраға орынбасарының, кәсіпқой және кәсіпқой емес медиаторлар, ауылдық округ әкімдері және ауыл тұрғындары қатысты.
Сот төрағасы Н.О.Қосанов кездесуге қатысушы ауыл тұрғындарына  ҚР Жоғарғы Сотымен жүзеге асырылып отырған Сотсыз татуласу орталығы пилоттық жобасының міндеттерін, оның тиімділігін, дауды сотқа дейінгі реттеудің басымдықтары жайлы әңгімеледі.
Шара соңында кәсіпқой медиатор А.Жанибеков және «Нұр Отан» партиясының филиалының төраға орынбасары М.Балқожаев қазақ халқының тарихындағы билер соты мен қазіргі медиацияның арасындағы ұқсастықтарға тоқталды.
Ауыл тұрғындары ҚР Жоғарғы Сотымен дауды соттан тыс шешу бағытында жүргізіліп жатқан реформаларды құптайтындарын білдіріп, бұл бағыттағы жұмыстарды қолдайтындығын білдірді.
Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі.
16 наурыз 2018 ж. 1 351 0