Соңғы жаңалықтар

Әке отбасы тірегі

12 маусым 2025 ж. 549

ТАҚЫРЫПТЫҚ ҚАБЫЛДАУ

12 маусым 2025 ж. 49

№42 (8856) 10

10 маусым 2025 ж.

№41 (8855) 3

02 маусым 2025 ж.

№40 (8854) 31

31 мамыр 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » «Татуласуорталығында» азаматтарды қабылдау жүргізілді

«Татуласуорталығында» азаматтарды қабылдау жүргізілді

Жаңақорған кентінде орналасқан «Татуласу орталығында» аудандық сот судьяларының кезекшілікте болу және азаматтарды қабылдау кестесіне сай аудандық соттың төраға міндетін атқарушы Ә.Түбекбаева азаматтарды қабылдау өткізді.


Қабылдауға Жаңақорған ауданының 3 тұрғыны келіп, өздерінің шешілмей жүрген мәселерімен кеңестерін алды.
Шара аясында азаматша Қ мен Б.,. жұбайларынан балаларына тиесілі алимент өндіру туралы  сұрақтарымен жүгінсе,іс-шараға келген азамат Т., осыдан екі жыл бұрын шығарылған сот актісінің бүгінгі күнге дейін орындалмай жатқаны жайлы  айтып, заңды тәртіпте не істеу керектігі жайлы сұрады.
Аудандық соттың төраға м.а Ә.Түбекбаева қойылған сауалдарына сәйкес заң талаптарын түсіндіріп, сот шешімінің орындалу тәртібі мен жүгіну жолдарын түсіндірді.
Судьялардың халықпен жүздесуі  азаматтарға дәйекті жауап  алуға, әділ сот төрелігіне деген сенімді арттыруға мүмкіндік береді.

Қайнар: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі.
25 ақпан 2019 ж. 889 0