Соңғы жаңалықтар

№25 (8939) 7

07 сәуір 2026 ж.

№24 (8938) 4

04 сәуір 2026 ж.

№23 (8937) 31

31 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» «Татуласу орталығында» азаматтарды қабылдау жүргізілді

«Татуласу орталығында» азаматтарды қабылдау жүргізілді


         Жаңақорған кентінде орналасқан «Татуласу орталығында» аудандық сот судьяларының кезекшілікте болу және азаматтарды қабылдау кестесіне сай аудандық соттың төраға міндетін атқарушы Ә.Түбекбаева азаматтарды қабылдау өткізді.

         Қабылдауға Жаңақорған ауданының 2 тұрғыны келіп, өздерінің шешілмей жүрген мәселерімен кеңестерін алды.
         Азаматша М., заңды күшіне енген сот шешімінің бүгінгі күнге дейін орындалмай жатқаны жайлы айтып, оны орындату үшін қандай заңды шаралар көруге болатыны туралы сұрады.
         Азаматша И., тұрмысқа шыққан кезінде күйеуінің тегіне өткенін, кейін дәм-тұздары жараспай арадағы некелерінің бұзылғанын айтып қайтадан өз тегіне қалай өтуі керектігі жөніндегі сұрағымен жүгінді.
         Өз кезегінде төраға міндетін атқарушы жүгінуші азаматшаларға заң шеңберінде жауап беріп, қолданыстағы заң нормаларын түсіндірді.
        
         Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі.
---
16 қараша 2018 ж. 1 163 0