№70 (8984) 15

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (8983) 12

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 (8982) 8

08 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » «Татуласу орталығында» азаматтарды қабылдау жүргізілді

«Татуласу орталығында» азаматтарды қабылдау жүргізілді

Жаңақорған аудандық сотының халық арасында дауларды соттан тыс реттеудің жолдарын насихаттау мәселесі бойынша  жұмыс жоспарына сәйкес Жаңақорған кентінде орналасқан «Татуласу орталығында» аудандық соттың судьясы И.Тұңғышбаев азаматтарды қабылдау өткізді.

«Азаматтарды қабылдау» іс-шарасы халыққа құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениетті арттыру, азаматтардың сот жүйесіне сенімінің деңгейін көтеру, сот төрелігіне қолжетімді ету және татуласу рәсімдерін кеңінен насихаттау мақсатында өткізіледі. Сонымен бірге жергілікті халықты ақпаратпен қамтамасыз ету, сот билігінің беделін, ашықтығы мен жариялығын арттыру, БАҚ өкілдерімен азаматтардың сауалдарына жауап беру, болып табылады.
Қабылдауға келген аудан тұрғыны А. медиация рәсімі және оны жүргізу тәртібі жайлы сауалдарын қойды.
Өз кезегінде аудандық сот судьясы И.Тұңғышбаев қабылдауға келген азаматтың сұрағына дауды медиация, татуласу келісімін, партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу жолдары аталған тәсілдердің тиімділігі жайлы түсіндірді.

Ақпарат: Жаңақорған аудандық отының баспасөз қызметі.
31 қаңтар 2019 ж. 1 265 0