Қайдан келесің? Соттан келемін
Біздің елімізде адам құқығы мен асыл құндылықтары заңмен қорғалған. Ата Заңымыздың алғашқы бабының алғашқы тармағында: «Қазақстан Республикасы өзін зайырлы, демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деп жазылған. Яғни, азаматтың қалыпты өмір сүруіне, білім алуына, қызмет етуіне, демалуына теңдей құқық берілді. Ал заңды өрескел бұзып, Конституция құндылықтарын аяқасты ету тиісінше жауапқа тартылып, шен мен шекпенге қарамай, сот орындары алдында жауапқа тартылуға тиіс. Бір қынжыларлығы, сот орындарын әділдіктің салтанат құруы жолындағы әлеуетті орган ретінде қастер тұтудан бұрын болмашы нәрсеге бола заңға жүгініп, бір-бірін сотқа сүйреген айқайшыл ағайынның бойында ар-намыстың азайып бара жатқандығы. Құқық қорғау орындарын қолжаулыққа айналдырып, бір-бірінен өш алу, кек қайтару сынды бақай есептің құралына айналдырғысы келетін айла-шарғымен өзіне дос емес жау арттыратындар қарақан басына ғана емес бала-шаға, зәу-затының жарқын тілек, жарасымды қарым-қатынасына зиянын тигізіп жататынын терең таразылай бермейтін секілді.
Міне осындай, күйкі мінез, сұрықсыз қадамға ойланбай барар қатыпезерліктің нәтижесінде бір-бірін айыптап араздасып жүрген сотқа арызданушылар саны елімізде 4 миллион шамасында екен. Он сегіз миллион халықтың бестен бір бөлігіне жуығының бір-бірін атарға оғы жоқ екені естір құлаққа да ауыр. Бұл туралы өз сөзінде айтып өткен Жоғарғы Сот төрағасы Жақып Асанов құқық қорғау органдары алдында тұрған мәселе, тараптардың бір жағына жеңісті беріп, бір жағын жазалау емес, заңның талаптары шеңберінде әрбір тұлғаның тағдыр-таразысына терең талдау жасалып, жалпыға бірдей жасампаздық қағидаларынан айнымауды ескертті. Бүгінгі таңда сот жүйесінде жасалып жатқан реформалардың барлығы осындай мақсаттарға бағытталған. Осы тұрғыда атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде Жаңақорған аудандық сотында өткен баспасөз мәслихатында жан-жақты зерделеуге мүмкіндік туды. Аудандық сот төрағасы міндетін атқарушы Әлия Тубекбаева алдымен 2018 жылы атқарылған жұмыстары жөнінде есеп берді.
– 2018 жылдың 12 айында Жаңақорған аудандық сот өндірісінде 102 қылмыстық іс қаралды, – деді ол. Бұл көрсеткіш былтырғымен деңгейлес. Сонымен қатар 635 талап қою арызы. 479 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс келіп түскен. Осылардың ішінде 62-іс бойынша үкім шығып, 71 адам сотталды. 6 адамнан айыппұл өндіріліп, 16-сы қоғамдық жұмысқа тартылды. 24 адам бас бостандығынан шектелді (яғни пробация қызметіне есепке алынды), 18 адам бас бостандығынан айрылды. Шартты түрде 4 адам сотталды.
Аудандық сот өкілінің айтуынша, былтырғы жаңа жылдан бері қылмыстық процестерді қарау тәртібіне енген тағы бір өзгеріс істі сыртынан жүргізіп, сотталушыға үкім шығару – сот бұйрығы қолданылып келеді. Бұл мәселе жеңіл санатты істер бойынша, яғни айыппұл жазасына қатысты, жазаланушы тарап тергеу кезінде толық мойындаған жағдайда бұйрық арқылы тағайындалады.
Ел Президентінің «Ұлт жоспары – 100 нақты қадамда» айқындалған сот жүйесін жаңғырту талабының бірі сандық технологияға көшу саясатын сот саласы толық жүзеге асыра алуы сүйсіндіреді. Өзімізге келсек, үш сот залымыз да аудио-бейнеқұрылғылармен толық жабдықталып, жүйелі жұмыс жасап тұр. Барлығы электронды түрде тіркелген. Тіпті жоғары сотқа арызданған жағдайда сот залынан жазылған диск қоса тіркеліп, шағымдарды қанағаттандыруға болады.
Өткен жылдан бері сотта электронды түрде қарау іске асты. Қағаз түріне қоса электронды (компьютер арқылы іспен танысып, үкім шығару) форматта 11 іс қаралыпты.
Аудандық сотта бейнеконференц-байланыс жобасы бойынша да процестер өтуде екен. Сот бірер күнде азаматтық іс қарады, іс бойынша жауапкер Шымкент түрмесінде жатыр, бірақ тұрғылықты жері жаңақорғандық болғандықтан процесс on-line форматта жүргізілген.
Әрбір тұлға өз ұялы телефонына қосымша мобильді бағдарлама орнатып, үйде отырып “Сот кабинеті” арқылы талап-арызын жолдай алады.
Медиациямен 20 іс шешімін тапқан. Яғни, қылмыстық істер бойынша онша ауыр емес, ауырлығы орташа, қылмыстық теріс қылықтар жәбірленуші мен арызданушы арасында татуласумен, бітімгерлікпен орнына келген жағдайда өндірістен тоқтатылды.
20 іс бойынша Жеке қаулы қабылданды. Тергеу кезінде кемшіліктер орын алғанда, сотталушылар құқығы бұзылған жағдайда, мекеме тарапына жеке қаулы шығарылуы мүмкін. Мәселен, аудандық жер қатынастары бөлімінде мемлекеттік қызмет туралы заң бұзушылық орын алып, бас маман парамен ұсталған кезде мемлекеттік қызметшінің өрескел заң бұзушылыққа барғандығы жөнінде сот аудан әкімі тарапына жеке қаулы жолдап ол аудандағы мемлекеттік қызметшілердің қатысуында талқыланған. Мемлекеттік қызметші сыбайлас жемқорлыққа барған жағдайда өмір бойы мемлекеттік қызметпен айналысу құқынан айрылады.
Ауданда ұсақ бұзақылық, яғни темекі шегіп, тұқылын кез келген жерге тастау жөнінен тіркелу басым. Мұндай жағдайда ескерту заңда көрсетілмеген, бірден айлық есептік көрсеткіштің 5 еселенген көлемінде айыппұл салынады.
Отбасы, тұрмыстық қатынастарда кездесетін заң бұзушылықтар (ерлі-зайыптылар арасында кикілжің) бойынша 67 іс медиациямен татуласу арқылы тоқтатылды.
Содан соң 608-бап бойынша көлікті мас күйінде басқару үш жыл мерзімге жүргізу құқынан айыруға жатады.
Былтыр 614 әкімшілік іс қаралса, оның ішінде 525 адамға қатысты жаза тағайындалды. 288 адамға айыппұл, ескерту 6 адамға, 49 адамға қамаққа шешім қабылданды. Қамаққа алу құқықбұзушылық бір жыл ішінде қайта қайталанған жағдайда қолданылады. Сол сияқты құқығы жоқ адам мас күйінде көлік жүргізгенде 20 күнге қамауға алынады. 125 адам көлік құралын басқару құқынан айрылды. 85 іс қысқартылды, оның ішінде 67-сі татуласу жолымен, қалғаны қылмыстың құрамы жоқ, бірақ заңсыз хаттама толтырылған, мұндай жағдайда заң қызметкеріне жеке қаулы көріледі. Жауаптылыққа тартудың ескіру мерзіміне байланысты тоқтатылған істер де кездеседі.
Азаматтық істер бойынша 792 талап арыз түскен. 101 бұйрық (алимент өндіру т.б. жағдайлар бойынша) 562 іс бойынша шешім шығарылған, оның 518-і қанағаттандырылып, 3 қанағаттандырусыз қалдырылған. 80 азаматтық іс тоқтатылған. Оның ішінде 28 іс медиатордың көмегімен тараптардың татуласуымен шешімін тапса, партисипативтік (яғни екі жақтың адвокаттарының жәрдемдесуімен) рәсіммен 4 іс бойынша талаптар татуласқан. Сонымен жалпы 785 іс азаматтық іс аяқталып тұр. Даусыз талаптар жөнінде хабарлама бойынша (мәселен бір-біріне қарызға ақша алмасқан екі тараптың қолхатын негізге алып) 237 іс қаралып, шешімін тапқан.
Бұл әдіс-тәсілдердің барлығы азаматтардың сотқа келуін азайту мақсатын көздейді.
Жоғарғы Сотпен “Сот төрегілінің жеті түйіні” бағытында реформа жүріп жатыр. Бізде осы бағытта татуласу орталығы ашылды. Онда татуласу, сотқа дейін, сотта деген тараулар бойынша түсіндірмелер жүргізіледі. Бұл ретте аудандық сот төрағасы және судьялар айына бір рет халықпен кездесу өткізу жоспарланған.
Сайып келгенде сот жүйесіне енген жаңалықтар талап арыздардың санын азайту, азаматтардың дауласу дейгейін төмендетуді көздейді.
Өткен заманда басынан қайғы арылмаған қазағына қарата: “Қайдан келесің? Соттан келемін. Соттан емес-ау, оттан келемін” деп сөз арнаған ақынның азалы үні жаңа ғасырда жаңаша арна тауып, жаппай ізгілікке бет бұрсақ, қане!

Баян ҮСЕЙІНОВА,
ҚР Журналистер Одағының мүшесі.
ҚР Журналистер Одағының мүшесі.