№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЗИЯДАНЫҢ ШӘКІРТКЕ ЗЕЙІНІ

ЗИЯДАНЫҢ ШӘКІРТКЕ ЗЕЙІНІ

  2017-2018 оқу жылы №239 Төлепберген Әбдірашев атындағы мектеп үшін табысты жыл болды. Білім саласының шыңдалар шағы ҰБТ көрсеткіші бойынша үздік нәтижеге қол жеткізді. Әсіресе, мектеп бітірушілері математика мен қазақ тілінен жоғары көрсеткішті көрсетті. Ал, аудан бойынша ең жоғары балл жинаған Әйгерім Сахибқызы да осы мектептің түлегі. Әрине, мұндай серпілісте мектеп директоры ұйымдастырушысы болса, орынбасарлар үйлестіруші, ұстаздар нәтижеге жеткізеді. Еңбек еленіп, былтыр математика пәні мұғалімі Гүлбаршын Ибраимова мен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Зияда Жолтаева аудан әкімінің «Алғыс хатына» ие болды.

   Иә, 15 жыл математикадан ҰБТ-ға шәкірт тәрбиелеген Гүлбаршын Ерғарақызының еңбе­гін ерекше айта кеткен жөн. Оның әр жылда бітірген түлектері тестте жоғары балл жинап, бүгінде бірі ілім жолында, екіншісі қызметте. Сол секілді Зияда Жұмаханқызының да еңбек жолы ғибратқа толы.
27 жыл тапжылмай бір мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі болып қызмет етудің қыр-сырын сұрағанда: «Мұғалімнің бойында төзімділік, шыдамдылық пен кәсіби біліктілік бірге ұштасқан жағдайда жұмысы алға жылжиды. Ұжымдағы татулық пен қарым-қатынасты сақтап, үлгілі ұстаз болуға талпындым. Алғаш ұстаздық еткен жылдары ұжымда білгір бас­шылар мен қамқор жандар қол ұшын беріп, көмектесті. Солардың тәрбиесін бойға сіңірдік. Бүгінде жас мамандарға ақыл-кеңесімді беріп, тәжірибе алмасуды басшылыққа аламын» деп әңгімесін бастады.
Білікті ұстаздың қазақ тілі мен әдебиет пәні бойынша дайындаған оқушылары мемлекеттік грант иегері болуы бізді қызықтырды. Соңғы 5 жылда 60-қа жуық грант иегерін баптапты. Ұстаздан тәлімді тәрбие алған бағландардың алды елге қызмет көрсетіп жүр. Солардың қатарында Сара Мыңжанова Шымкентте кол­леджде дәріс берсе, қазіргі мектеп директоры Асқар Жүсіпбаев, сондай-ақ, ауылға қамқор азамат Омар Асанов та Зияда апайдың шәкірттері. Бибінұр Сматулла, Айшабибі Ақболат және басқа да көптеген шәкірттері жоғары оқу орындарында білім алуда.
Әңгіме барысында Зияда апай жетістікке жетудің құпиясымен бөлісті. Ең алдымен баланы жастайынан мамандыққа қызықтыру арқылы әдебиет пәніне дайындауға бағыттайды екен. Мамандыққа қызыққан бала сол мамандыққа қатысты сабақтарды оқып, уақыт өте жітік меңгеруге тырысатыны сөзсіз. Тестке әзірлік кезінде қызықты мәліметтер мен тәжірибе жасау арқылы қазақ тілі мен әдебиеттің тереңіне сүңгітіп отырады. Әр бір сабаққа жаңаша бағытпен дайындалып келіп, оқушымен жеке-жеке жұмыс жасауды күнделікті жоспарынан түсірген емес. Әсіресе, шығарма жазуға, өзіндік ойын қағаз бетіне түсіре отырып, рухани байлығын дамытуға тәрбиелейді. Тәжірибелі ұстаз Зияда:
– Өзімнің еңбек жолымда сынып жетекшілік міндетімді әлі атқарып келемін. Онымен қоса, мектептегі сынып жетекшілер бірлестігінің жетекшісі, директор хатшысы қызметінде қатар алып жүрмін. 5-8 сыныпқа жаңартылған білім мазмұнында сабақ берсем, 11 сыныпта оқу сауаттылығынан тестке дайындаудамын, – деді.
Иә, білім ордасындағы мәдени-рухани шаралардың өтуіне ұйытқы болып, бос уақытында Абай, Мұқағали оқуларына шәкірт дайындап, жарыстарға қатыстыруда апайдың шын мәнінде еңбегі зор. 2018 жылы ҚР Білім және ғылым министірі Ерлан Сағадиевтің марапатына ие болды, оған дейін де қанша ма облыстық, республикалық марапаттардың биігінен көрініп келеді.
Ұстаздық етуден жаңылмаған Зияда апай Талапта туылып, қазіргі Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде жоғары білімін 1992 жылы тәмамдайды. Оқу бітіріп, қызметке орналасады, әрі осы жылы Қалыбай екеуі отау құрады. Бүгінде ауыл тұрғындары үлгі ететін үлкен отбасына айналған шаңырақтың екі қызы да ана жолын жалғап келеді. Әрі, үлкен ұлы да денешынықтыру пәні бойынша оқуда жүр.
– Зияда Жұмаханқызының біліктілігі мен қарым-қабілетін ұштастыра білген ұстаз. Шәкірт бойына білім сәулесін құйып қана қоймай, тәлімді тәрбие беру қасиетіне де таңырқай да, қызыға қараймыз. Бір сөзбен айтқанда, апайды маңдай тері адалына төгілген ұстаз дер едім, – деді мектеп директоры.
Сөз соңы. Мұғалім – мектептің жүрегі! Ауданның білім сапасының бір кретерийі ҰБТ-мен өлшенеді десек, онда жыл сайын ауданның жақсы көрсеткіш көрсетіп жүрген ұстаздардың арқасы. Бала білімі үшін асыл уақытын сарп етіп, бар күш жігерін арнап жүрген майталман мұғалімдердің еңбегі қашанда бағалануға ­тұрарлық.

                                                                                                                                                      Әли ТЕМІРБЕК.
09 қаңтар 2019 ж. 934 0