№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ҰБТ-2018: ең жоғары балл – 124

ҰБТ-2018: ең жоғары балл – 124


Қай заманда болсын, адамды алға жетелейтін – білім десек, бүгінгі ХХІ ғасырдағы ғылым мен техниканың шарықтауы адамзат баласының қол жеткізген биік белесінің бірі. Ал осынау биік белесті бағындырып, болашаққа қызмет ететін бүгінгі ұрпақтың таудай талабы, қарышты қадамы бізді қуантады. Ауданда өткен ҰБТ сынағының нәтижесіне зер салсақ, мемлекеттік тестілеуге 524 оқушы қатысқан. Орташа балл – 80. Ең жоғарғы 124 балды жаңақорғандық Мағжан Қожахмет пен Кеңес ауылынан Әйгерім Сахибқызы еңсерді. Әрі екеуі де «Алтын белгі» иегері атанды. Өз кезегінде біз де білім бәсекесінде дараланған түлектердің қуанышына ортақтасып, жоғары нәтижеге қол жеткізудің сырын білдік.
Әуелі кент орталығындағы іргелі білім ордасы №163 орта мектеп түлегі Мағжан Қожахметті сөзге тарттық. Жоғары балл жинаудағы құпиясын сұрадық. Оның айтуынша, сынақтан сүрінбей өтіп, жоғары көрсеткішке қол жеткізудің сыры ізденімпаздықта. Ертелі-кеш әлеуметтік желіге үңілмей, қосымша оқулық кітаптарды өзіне серік еткенін жасырмады жас түлек.
– Ең бірінші кезекте, 7-8-9-10 сыныптағы физика, математика пәндеріне арналған оқулықтарды толықтай қайта қолға алдым. Қайталап шығып, ерінбей есептері мен ережелерін жаттап шықтым. Одан бөлек, мектеп кітапханасындағы тарих, физика, математика пәніне арналған қосымша кітаптармен дайындалдым. ҰБТ-ға дейінгі дайындық сынақтарында 120 балдан жоғары алып жүрдім. Шүкір, мұндай дәрежеге әуелі ата-анам мен ұстаздар қауымының қосқан үлесі зор. Әсіресе, сынып жетекшім Жанар Оспанова мен физика пәні мұғалімі Баян Мұсалиева, математика пәні мұғалімі Жанат Бейсенбекова, тарих пәнінен Ләззат Жұмабекова, қазақ тілінен Гүлбану Жаппарованың бағыт бағдары, берген біліміне айтар алғысым зор, – дейді «Алтын белгі» иегері Мағжан Ғалымжанұлы.
Жас түлектің жоғары балл жинаудағы басты тетігі – оқушы, ұстаз, ата-ана үштігінің үйлесімді жұмыс істеуі маңызды екенін білдік. Сондай-ақ, білім ордасының директоры Күланда Жақыпбекованың да пікірін тыңдадық.
– Негізі №163 орта мектептің ұзтаздары білікті әрі білімді. Әрбірінің 20-30 жылдық еңбек тәжірибесі бар. Дәрісті дұрыс ұйымдастырып, оқушыларды сапалы білім жинауға қызықтыра алады. Ең бастысы, оқушыларға бастауыш сыныптан фундаменталды білім беруге күш саламыз. Ата-аналармен кеңесіп, оқушының білімге қызығушылығын арттыруға мән береміз.
Оған қоса, аудандық білім бөлімінің қолдауын сезініп, «Тау самалы» лагеріндегі дайындық оқушылардың білімін шыңдауға көп септігі болды, – деді мектеп басшысы.
Ал, Бесарық ауылдық округіне қарасты Кеңес ауылында орналасқан №239 Төлепберген Әбдірашев атындағы орта мектеп түлегі Әйгерім Сахибқызы болашағын математика бағытындағы ғылыммен байланыстырғысы келеді. Тілдесу барысында аудан бойынша ең үздік көрсеткіш көрсеткен Әйгерім ҰБТ-ға 10 сыныптан бастап дайындықты бастағанын сөз етті. Сондай-ақ «Тау самалы» лагері мен Арал ауданындағы «Қамбаш» сауықтыру кешеніндегі тестілеуге дайындық барысы көп нәтиже бергені белгілі болды. Жалпы, сынама тестілеуде 100 балдан асыра жинап келген кеңестік рекордсмен ҰБТ барысында мүлдем оқымаған сұрақтар болғанын жеткізді.
– Ұстаздарымыз үнемі «көп есеп шығарсаң формуланы жаттап аласың» деген ақылын айтудан жалыққан емес. Міне, өзімде есеп құмар болғандықтан есеп шығаруға жүйрік болдым. Физика пәні де жақын болғандықтан қос пәнді қатар жаттап, дайындықты тоқтатқан емеспін. Тестке шпаргалка алып кіру деген ойыма да келмеген. Өйткені, ол адам бойына үрей туындатып, бар білгеніңді ұмытып қалуға итермелейтін қажетсіз дүние. Ең бастысы «Өзің сен, өзіңді алып шығар, еңбегіңмен мен ақылың екі жақтап» деп дана Абай атамыз айтқандай, ішкі сенім тұрақты болғаны абзал, – дейді «Алтын белгі» иегері Әйгерім Сахибқызы.
Сондай-ақ кеңестік жас түлек өзін білім нәрімен сусындатып, жоғары дәрежеден көрінуіне себепкер болған ұстаздарына алғысын жаудырды. Олардың қатарында №239 Төлепберген Әбдірәшев атындағы орта мектептің пән мұғалімдері – Бекбол Жаманбалаев, Гүлзат Шалысбаева, Гүлбаршын Ибримова, Фатима Байарыстанова, Зияда Жолтаева сынды өз саласының үздік педагогтары бар. Асқар Жүсіпбаев басшылық ететін №239 Төлепберген Әбдірәшев атындағы орта мектеп былтыр ҰБТ қорытындысы бойынша 64,8 балл жинаса, биыл 93,2 балл көрсеткішпен аудандағы үздік үштікті түйіндеді. Үш бірдей оқушысы 100 балдан асыра жинап, мектеп мерейін үстем етті.
Иә, түйіндей айтқанда, қос білімпаздың мақсаты айқын, арманы асқақ. Әйгерім метематиканың қыр-сырын меңгерген ғалым болуды мұрат етсе, Мағжан техниканың тілін ұғып, өзін инженерлік саладан көргісі келеді. Бір айта кетерлігі, мақала арқау еткен екі түлектің де әпкелері «Алтын белгі» иегері атанып, ең жоғарғы бал жинаған. Бұлда болса, үйдегі тәрбиенің тәлімді екенін аңғартады.

Әбдісамат ӘБДІШ.
30 маусым 2018 ж. 1 384 2

Гость Jeahulalf от 24 ақпан 2019 21:38
Lasix Purchase Online viagra generico providencia Levitra Samples Overnight

Гость Jeahulalf от 13 наурыз 2019 21:46
Generique Amoxicillin Distribuer Ces levitra 40 mg best price Acticin Can I Purchase No Doctor Is Healthy Man Legitimate