Сұхбат

Бплп дәрігері

06 наурыз 2023 ж. 1 049

Үздік Шопан

23 ақпан 2023 ж. 1 079

Денсаулық зор байлық

16 ақпан 2023 ж. 2 894

Денсаулық зор байлық

11 ақпан 2023 ж. 1 393

Алғыс арқалаған азамат

28 желтоқсан 2022 ж. 1 601

Елге адал қызмет ету мақсатым

27 желтоқсан 2022 ж. 1 591

№22 (8630) 18

20 наурыз 2023 ж.

№21 (8629) 14

14 наурыз 2023 ж.

№20 (8628) 11

11 наурыз 2023 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2023    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » КІТАПХАНА – РУХАНИ БАЙЛЫҚ ОРДАСЫ

КІТАПХАНА – РУХАНИ БАЙЛЫҚ ОРДАСЫ


Жақында Жаңақорған аудандық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен өткен «Ахмет Байтұрсынұлы тағылымы» атты әдеби кешке №51 М.Қаратаев атындағы мектептің 10 сынып оқушылары атсалысты. Қазақ халқының біртуар ұлы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 145 жыл толуына орай ұйымдастырылған шара ұлы тұлғаны бір минуттық еске алумен басталды
.

Мектептің 10-сынып оқушылары Ұ. Малтабар, Ұ. Қамбар, М. Мәди ақынның өзiнiң ағартушылық идеясына пайдалануды көздейтін бағытта жазылған «Қазақ салты», «Қазақ қалпы», «Адамдық диханшысы» өлеңдерін оқып, өмірі мен шығармашылығы жайлы әңгімеледі. Аудандық кітапхананың кітапханашысы М.Жиенбаева «Ұлттың рухани көсемі» атты кітап көрмесімен таныстырып, кеңес дәуірінде Ахмет Байтұрсынұлының есімін атау қылмыс саналса, еліміз тәуелсіздік туын тіккеннен кейін халқымыз өзінің ұлы перзентімен қайта табысып, артында қалған мол мұрасын оқырмандарға, жас ұрпаққа насихаттау мақсатымыз деп рухани шараны қорытындылады.

22 қаңтар 2018 ж. 1 906 0