» » «ЕҢБЕК ЖОЛЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫНА ҚАТЫСУҒА ҮМІТКЕРЛЕРГЕ ДАУЫС БЕРУ БАСТАЛДЫ

«ЕҢБЕК ЖОЛЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫНА ҚАТЫСУҒА ҮМІТКЕРЛЕРГЕ ДАУЫС БЕРУ БАСТАЛДЫ


Жалпыға ортақ Еңбек қоғамын құру жөніндегі Ұлттық жобасы аясында өнімді еңбекті ынталандыру, жастар арасында жұмысшы кәсіптерін насихаттау және жұмысшы әулеттерінің көпжылдық дәстүрлерін нығайту мақсатында Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Еңбек жолы» республикалық конкурсының облыстық деңгейдегі жеңімпаздарын анықтау үшін дауыс беру басталды. Онлайн дауыс беру 2018 жылдың 30 шілдесінен 8 тамызына дейін 3 номинация арқылы жүргізіледі:
«Үздік тәлімгер»
«Өндірістің үздік жас қызметкері»
«Үздік еңбек династиясы»
Әр үміткердің тұсында дауыс беру телефоны көрсетілген. Қоңырау шалу 32 теңге. Үміткерлердің бейнероликтерін youtube.сom сайтынан Еңбек жолы 2018 Қызылорда арнасы арқылы көре аласыздар. Қалаған үміткерге дауыс беріңіздер. Сіздің даусыңыз маңызды.
31 шілде 2018 ж. 942 0