№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жаңақорған аудандық сотында қылмыстық іс бойынша брифинг өткізілді

Жаңақорған аудандық сотында қылмыстық іс бойынша брифинг өткізілді


Жаңақорған аудандық сотында өңірлік «Жаңақорған тынысы» газетінің тілшісі А.Жарықбаевтың қатысуымен брифинг өткізілді.
Брифинг барысында Жаңақорған аудандық сотының судьясы И.У.Тұңгышбаев сотталушы К.-ға қатысты Қазақстан Республикасы ҚК-нің 378 бабының 2 бөлігімен қаралған қылмыстық ісі бойынша сұхбат берді.

Істің мән-жайына сәйкес, сотталушы К. 2017 жылдың 10 қарашасы күні сағат 23:30 шамасында Жаңақорған аудандық емханасының алдында өзін өте дөрекі ұстап және полиция қызметкерлеріне балағат сөздер айтқан, осылайша билік өкілін өз қызметтік міндетін атқару кезінде жария түрде балағаттап, ар-намысына тиетін сөздер айтып, қорлаған.
Оның бұл қылмыстық әрекеті іс құжаттарымен және сотта өзінің айыбын мойындап берген жауабымен толық дәлелденген.
Сот үкімімен сотталушы К. ҚК-нің 378 бабының 2 бөлігімен кінәлі деп танылып, 90 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тартуға жазаланды.
Брифинг соңында БАҚ тілшісі қылмыстық іс бойынша сауалдар қойып, оларға нақты жауаптар алды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі.
12 наурыз 2018 ж. 1 114 0