№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жаңақорған аудандық сотында қылмыстық іс бойынша брифинг өткізілді

Жаңақорған аудандық сотында қылмыстық іс бойынша брифинг өткізілді


Жаңақорған аудандық сотында 2 сәуір 2018 жылы өңірлік «Жаңақорған тынысы» газетінің тілшісі А.Жарықбаевтың қатысуымен брифинг өткізілді.
Брифинг барысында Жаңақорған аудандық сотының төрағасы Н.О.Қосанов сотталушылар Ш. мен А. қатысты Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188 бабының 2 бөлігінің 1 тармағымен қаралған қылмыстық ісі бойынша сұхбат берді.
Істің мән-жайына сәйкес, сотталушылар Ш. мен А. 9 қазан 2017 жылы сағат 17:00 шамасында адамдар тобы болып алдын-ала сөз байласып, Жаңақорған ауданы, Бесарық ауылдық округіне қарасты «Ақтас әулие» жеріндегі мал жайылымдық тоғайға келіп, жәбірленуші М. тиесілі құны 450 000 теңге тұратын 8 жасар бір бас сиырды атып өлтіріп, екеуі сиырды сойып, бөтеннің мүлкін жасырын жымқырған. 
Олардың бұл қылмыстық әрекеті іс құжаттарымен және сотта өзінің айыбын мойындап берген жауаптарымен толық дәлелденген.
Сот үкімімен сотталушылар Ш. мен А. ҚК-нің 188 бабының 2 бөлігінің 1 тармағымен кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.
Брифинг соңында БАҚ тілшісі қылмыстық іс бойынша сауалдар қойып, оларға нақты жауаптар алды.
Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі.
04 сәуір 2018 ж. 1 028 0