№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жаңақорғандық кәсіпкерлер де сұранысқа сай қызмет көрсете бастады

Жаңақорғандық кәсіпкерлер де сұранысқа сай қызмет көрсете бастады

   Үйге қажетті жабдықтарды аларда Түркістанның өнімдеріне жүгінетініміз рас. Әсіресе, перделер мен есік-терезеге және т.б. тауарға көрші облыста таңдау аясы кең. Десе де, кейінгі кездері жаңақорғандық кәсіпкерлер де сұранысқа сай қызмет көрсете бастады. Пластикалық есік-терезеге деген талғам артқан сайын шеберлер шаруасын ширата түсті. Осындай шағын кәсіптің шырайын кіргізіп жүрген Әділбек Айменовты жаңақорғандықтар жақсы таниды...

   Бүгінде кәсіппен айналысамын деушілер мемлекеттік бағдарламалардың игілігін көре алады. Яғни, «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» аясында «Бастау-Бизнес», «Даму» секілді жобалар жүзеге асуда. Негізгі мақсат – жұмыссыздықты азайту болса, екіншіден отандық өнім өндірушілерге қолдау көрсету. Одан бөлек, облыста «Жаппай кәсіпкерлікті қолдау жылы» деп жарияланып, кәсіпкерлер ісін кеңейтуге несиелер мен қайтарымсыз гранттар беруде. Алайда, біздің кейіпкеріміз өз күшімен кәсібін дөңгелетіп келеді.
– Кәсіпті бастағаныма 12 жылдан асты. Осы уақытқа дейін мемлекеттік бағ­дарламаларға қатысқан емеспін. Егер пластик терезеге, түрлі-түсті перделерге (жалюзге) тапсырыс көбейіп жатса онда қызмет орнын кеңейтіп, қосымша жұмыс күшін тартатын боламын. Бүгінге дейін қаншама жасты өзімнің кәсібіме баулыдым, – деді ол.
Әділбек қазір 5 тұрғынды тұрақты жұ­мыспен қамтуда. Солардың бірі – Олжас Пілмәнбек.
– Бала кезден ұсталық өнерге қызығу­шылығым бар еді. Алайда, өз бизнесімді ашуға мүмкіндік болмады. Ал, Әділбек аға осы өнерге баулып, қанатының астына алды. Сондықтан, рахмет айтамын, – дейді жас ұста.
Егер осы істі толық меңгеріп алса өз шәкірттері секілді Олжасты да еншісін беріп шығару ойында жоқ емес. Осылай қаншама жұмыссыз жүрген жастың жолын ашып, бағыт көрсету азаматтық борышы санайтын Әділбектің бұл ісі көпке үлгі.
Ол бұл кәсіппен 2006 жылдан бері айна­лысып келеді. Алғашында терезе жасаудан бастаса, бүгінде түрлі-түсті пердешелерді (жалюз) құрастырып шығаруды қолға алды. Себебі, тұрғындар талғамы күн сайын өзгеріп отырады. Сондықтан, тұтынушы тапсырысы көңілден шыққаны абзал. Отбасының кенжесі ол бұл өнерді Алматы қаласынан үйреніп келгенін айтты.
– Шыны керек, бәріміз Алматыға ар­ман қуалап бардық. Алайда, ісімізді Жаңақорғанда жалғастыруды жөн санап, ауданда тұралап қалған шағын кәсіпке дем бердік. Алғашында сұраныс өте жоғары болатын, қазірде жаман емес дегенмен пластикалық терезе жасайтын кәсіп иелері күн санап артып келеді. Яғни бәсекелестік пайда болғалы тұрғындар санға емес, сапаға жүгіне бастады, – деді.
Иә, бәсекелестік қалыптасқан ортада қашан да сапалы қызмет жүреді. Сондықтан, тұрғындар талабын тыңдап, сұраныстарын қанағаттандыру үшін Әділбек үнемі ізденіс үстінде жүр. Яғни, көрші облыспен тәжірибе алмасып келетінін де тілге тиек етті. Бір сөзбен айтқанда, үш баланың әкесі Әділбек Айменовтың тауарлары қолжетімді, әрі сапалы.

Әли ТЕМІРБЕК.
19 қараша 2018 ж. 1 018 0