№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫ: БИЗНЕСТІҢ ШЫРАЙЫН КІРГІЗЕ АЛДЫ МА?

КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫ: БИЗНЕСТІҢ ШЫРАЙЫН КІРГІЗЕ АЛДЫ МА?

  Шағын және орта бизнестің дамуы елдің экономикалық қуаттылығын арттырып, бәсекеге қабылеттілігін шыңдайтын бірден-бір сала. Дамыған елдер шағын кәсіпкерлікке арқа сүйеп, халықтың әл-ауқатын артуына мән береді. Яғни, шағын және орта бизнестің тұрақтануы тұтынушылардың сұранысының өзгеруіне тез бейімделуге, жаңа жұмыс орындарын ашуға және ішкі өнімнің көлемін арттыруға мүмкіндік берді. Бір сөзбен айтқанда, шағын кәсіпорындар дамыған елдерде ұлттық экономиканың маңызды секторына айналды. Сондықтан көптеген дамушы елдер де шағын бизнеске жан-жақты қолдау көрсете бастады. Соның қатарында Қазақстан да бар.
  Жалпы, біздің елде бизнес бастауға ниетті жандар үшін «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы жұмыс жасайды. Палата кәсіпкерліктің дамуына қаншалықты серпін беруде? Біз осыны анықтап көрдік. Алдымен әлемдік тәжірибеден бастасақ...
Қазіргі таңда АҚШ пен Жапония шағын бизнестің даму жөнінен көш басында келеді. Мәселен, АҚШ-та тіркелген кәсіпорындардың 97 пайызы шағын кәсіпкерлік болса, бұл көрсеткіш күншығыс елінде 99 пайызға жеткен. Жалпы ішкі өнімнің үлесі қос мемлекетте де шамамен 60 пайызға жуықтаған. Себебі, Жапонияның өзінде шағын және орта бизнесті қолдауға жыл сайын шамамен 180 млрд. қаржы қаралады екен. Нәтижесінде Күншығыс елінде 6,5 млн. кәсіпорын іске қосылса, онда 54 млн. халық жұмыспен қамтылған. Бұл елдегі жұмыс күшінің 80 пайызын құрайды. Мұндай табысты болудың қарапайым сыры мынада. Мәселен, Америка конгресі шағын бизнеске тікелей бақылау жасап, оны қолдау мен дамыту мақсатында бірнеше бағдарлама енгізген. Ал, Жапония Үкіметі банктер алдында кәсіпкер үшін қарыздық кепілдеме беріп, салықты табысқа жеткеннен соң ғана төлеуге жеңілдік қарастырған. Осындай бастамалар кәсіпкерліктің қанат жаюына әсер етуде.
Міне, осындай биікті бағындырып, дамыған отыздыққа ұмтылған Қазақстанда шағын кәсіпті дамытуға ниетті. Елбасы жылдағы Жолдауында кәсіпкерлік саласының көкжиегін кеңейтуге басымдық беруде. Мәселен, «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында елдің ішкі жалпы өніміндегі шағын және орта бизнестің үлесін 2050 жылға қарай кем дегенде 50 пайызға жеткізуді тапсырды. Ол үшін жаппай кәсіпкерлікті қолдау тетіктерін одан әрі жетілдіру керектігін айтты. Әсіресе, отбасылық кәсіпкерлікті дамыту бағытында кешенді шараларды жүйелі қалыптастыруды көздеді. Сондықтан, Үкіметке «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен (ҰКП) бірлесіп, бизнестің барлық шығынын жаппай азайту жөнінде шаралар қабылдау қажеттігін міндетті. Бұл межені еңсеруді «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында кәсіпкерлік саласына мән беріп, нақтылай түсті.
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында бірнеше жобалар қабылданып та үлгерді. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды тіркеу үдерісін мейлінше жеңілдетіп, оларға мемлекет алдындағы міндеттерін адал атқару тиімді болатындай жағдай туғызу қажеттігі айтылды.
Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев кәсіпкерлікті дамытуды жоспарлы жүзеге асыруда. Мәселен, биыл «Жаппай кәсіпкерлікті қолдау жылы» деп жариялап кәсіпкерлікті қолдауда 30 млрд. теңге қарастырды. Одан кейін кәсіпкерлікті қолдау аясын үш жылға ұзартты. Енді кәсіпкерлікті қолдайтын палата салаға серпін беруде шешулі рөлге ие. Яғни, бизнеспен айналысуға ниетті адамдарды қолдап, оларды бизнес-идеясын құруға, қаржы алуына демеуі қажет-ақ. Осы ретте, «Атамекен» ҰКП Жаңақорғандағы бизнестің шырайын келтіруде қаншалықты серпін беруде?
Алдымен, мекеменің атқарған жұмыстарға тоқталайық. Қазіргі кезде кәсіпкерлік палатасы бизнеспен айналысатын жандарға көп мүмкіндік беруде. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында үш жоба іске қосылған.
«Бастау Бизнес» жобасымен жаңақорғандықтар алты пайыздық несие алып, кәсібін дөңгелетуде. Екі жыл ішінде 100-ден аса жаңа кәсіп иелері жобаларына қолдау тапты.
Енді жыл басынан бері палата атқарған жұмыстарға тоқталсақ. Тоғыз айдың нәтижесі бойынша 187 тұрғынға сервистік қолдау көрсетіп, 600-ге жуық жаңақорғандыққа кеңес берген. «Бизнес-кеңесші» арқылы 138 адам нарықтық білімін жетілдірген. Тоғыз ай ішінде «Ауылшаруашылық қаржылай қолдау қоры», «Қызылорда өңірлік инвестициялық орталығы» арқылы 155 жоба 421,3 млн. теңге көлемінде несиеленді.
Сондай-ақ, өңір басшысы Қырымбек Көшербаевтың бастамасымен «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында 200 млн. теңге грант беру шешімі шыққан болатын. Бұл арқылы Жаңақорған ауданы 75 бизнес жоспарын ұсынып, 19 азамат 21 млн. теңгені кәсібін дамытуға бағыттады.
– Биыл «Бастау-Бизнес» арқылы 11 азамат несие алса, 36 кәсіпкердің жобасы мақұлданды. Алайда, қаржысы кешігіп жатыр. Жалпы, несие алушылар мен грантқа қол жеткізгендердің басым бөлігі ауылшаруашылығы саласына тиесілі. Оның ішінде, мал шаруасын дамытуға ниет білдірушілер көп, – деді аудандық филиал директоры Марлен Нұртазаев.
Ауылшаруашылығы демекші, біз жоғарыда сөз еткен АҚШ-тағы шағын кәсіптің негізін осы саланы құрайды. Сондықтан, біздің елде де бұл салаға серпін беріп, дайын өнімді өндіруге беретін кез келді. Қаржысы уақытылы шешіліп, бизнес жобаларды нақты қолдау болса Мемлекет басшысы дамыған отыздықты еңсеру алыс емес...
Міне, кәсіпкерлер палатасының биылғы жоспарының межесі осындай. Алайда, құнды құжаттарын қолынан тастамай, есік-есікті тоздырған жандар да кездесіп жатады. Әрине, жеңілдетілген несие алуға ниеттілер аз емес. Бірақ бәрінің қолы жете бермейді. Оған қалай қол жеткізуге болатыны жөнінде жауапты мамандардың пікірі құнды.
10 қараша 2018 ж. 1 230 0