Салбурын салты қайта жаңғырды
Салбурын салты қайта жаңғырды.
Аңшылардың бірнеше күн бойы аңға шығуы қазақта салбурын деп аталады. Ертеректе Қасым ханның өзі де мыңдаған салт атты нөкері мен жүздеген тазы итін ертіп, Салбурынға шығып, айлап тау-даланы кезіп, аң-құс аулаған екен. Салбурын дәстүрінің тамаша көріністері Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» романында да қызықты баяндалады деп жазады өңірлік Дидар газеті. Салбурын – аңшылардың ерлігі мен ептілігін, мәрттігі мен жомарттығын сынайтын ежелгі дәстүр. Кеңестік кезеңде бұл дәстүрдің аты аталмай, ат мініп, тазы ертіп, аң-құсқа шығу еріккеннің ермегі деп есептелінген. Сөйткен Салбурын аңшылық дәстүрі «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қайта жаңғырып, таяуда «Адал жол» эстафетасының өкілдерімен бірге Абай еліне де келіп жетті. Шығыс Қазақстан облысының Жарма және Көкпекті аудандарынан бастау алған «Салбурын-18» шарасы Орда бауырында, Рысай көлінің жағасында жалғасқан. Айтулы шараға Аягөз, Бородулиха, Жарма, Көкпекті, Тарбағатай аудандары мен Семей қаласынан, сондай-ақ Абай елінің Архат, Көкбай, Қарауыл, Қасқабұлақ, Құндызды ауылдарынан 60-қа жуық аңшы, қасқыр, түлкі алып жүрген 40-қа таяу тазы иті қатысты.
www.24.kz.