Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Менің анам қайда?

Менің анам қайда?

  Түс ауа жас жұбайлар мінген көліктер шеруі кенттің көрікті жерлерін аралап жүргенін жиі-жиі көреміз. Мұндайда «қазағымның шаңырағы тағы бір түтінге көбейді», деп қуанамыз. «Жастар бақытты болсын!» деп тілейміз іштей. Алайда көтерілген шаңырақтар көп уақыт өтпей-ақ шайқалып жүргенін көп естиміз. Көзімізбен көріп те жүрміз. «Отан – отбасынан басталады», «Отбасы – отан ошағы» деген тәмсілді бойына сіңіріп өскен қазаққа ажырасу неге таңсық болмай қалды? Осы сұраққа жауап іздеп көріп едік...

   Бұл не? Адам азды ма, әлде заман солай ма? Сұрақ көп, бірақ жауап жоқ. Біреудің әлпештеген қызы неге жаңа орында отырса опақ, тұрса сопақ атанды. Ер азамат некелі жарынан, ақ төсегенінен неге жеріді? Басты себеп неде? Тағы да жауабы жоқ сұрақтар…
Кезінде ата-әжеміз отау құрғанда қазіргідей неке куәлігінсіз-ақ, қожа-молданың берген бір ауыз батасымен некені бекітетін. Сонымен қос жас бүкіл ғұмыры сол әулеттің игілігі үшін өмірін өткізетін. Ол заманда ажырасу дегенді ести бермейтінбіз.
Себебі ықылым заманнан ата-бабамыз қыз баланы «ұлт анасы», «болашақтың негізі» деп қарап, ерекше тәрбие беріп, «қызға қырық үйден тыйым» деген дәстүрді ұстанды. Қыз бала 9-10 жастан аса анасына қолғанат болып, тұрмыстық жағдайға қажеттінін бәрін үйренді. Халқымыздың осы асыл дәстүрін ұстау, кейінгі 20-30 жылдың айналасында тоқырауға ұшырағандай.
Мұның басты себебі қайта құру кезеңінде Кеңестік дәуірде көруге тиым салынған батыстық кино өнімдер ұлттық сананы улады. Мәселен, отбасылық құндылықтарды басты орынға қоймайтын Латын америкалық, түрік және корей филмьдер көгілдір экранды жаулады. Ондағы ажырасу, ата-енеге деген құрметсіздік, жеңіл жүрістік және т.б. қазақ қоғамына жат дүниелер насихатталып, ақыры аяғында қазақтар үшін қалыпты жағдайға айналды.
Екіншіден, 20-30 жыл бұрын қызбен киноға немесе тойға барар болсаң, оны ата-анасынан белгілі сағатқа рұхсат алып, шығатын. Уәде орындалмаған жағдайда ол қызға деген есік ендігі жолы жабық болатын. Қазір бұл үрдіс жойылды. Күн бата кафелерде езулеріне бір-бір шылым түтетіп жүретін қыздар жоқ емес. Ал, кешкі биде өздерін орынсыз ұстайтын қыздар қаншама десенші? Міне, бұл біздің кейбір желөкпе жастарымыздың жеткен жетістігі. Бір көріп қосылып, апта немесе ай аралатып ажырасу. Нәтижесінде бейкүнә сәби тірі жетім қалуда. Сатистика сүйенсек, 2014 жылы шаңырақ көтерген 359 мың жұптың 68 мыңы ажырасып кеткен. Жас отаудың ыдырауына талдау жасай келе бірнеше фактордың анық екендігін байқадық.
Оның бірі қыздардың өздерінің жаңа өмірге бейімделу дайындығы жоқтың қасы. Таңертең уақтылы тұрып үйдегілерге таңғы ас даярлау, қарапайым ас түрлерін істей алмау, тігін тіге алмауы секілді әйелдер атқарар шаруаларға қырсыздығы ата-ана армандаған ақ некенің баянды болмауы қандай өкінішті.
Бұл мақаланы жазғанда барлық қыз баланы жазғыру негізгі мақсатымыз емес. Құдайға шүкір, барған жерінде тастай батып, судай сіңіп, ата-енесінің сүйкімді келіні, немере-шөқберелерінің анасы, он саусағынан өнері тамған іскер жан атанып отырған келіншектер аз емес. Олардың өнегелі өмірі, тәлімді тәрбиесі, аналық мейірімі мен қызметтегі қалтқысыз сенімділігі кімге де болса үлгі-өнеге.
Сондықтан біздің замандастарымыз бен іні-қарындастарымыз қыздарына «қырық үйден тыйым» жасап, оны болашаққа жастай тәрбиелесе, олардың келешекте некелері де мәңгілік болар еді. Сәбилер «менің анам қайда» деп жыламаса екен.

Е.ҚАЛДЫБЕК.
08 қараша 2018 ж. 1 834 0