Соңғы жаңалықтар

№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

№89 (8800) 9

09 қараша 2024 ж.

№88 (8799) 5

05 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » «Ақылдан жақын дос жоқ»

«Ақылдан жақын дос жоқ»


Адам әлде неге талпынумен, ұмтылумен өмір кешеді. Мақсаттың сарқылғаны – өмірдің таусылғаны.

Егер менен «Әлемдегі ең асыл не?» – дей қалса, бөгелместен: «Нан», – деп жауап берген болар едім. Себебі, нан – әлемнің жарығы Күннен нәр алады, адамға Күннің нұрын құяды, оның өмірін Күндей жарқыратады.
Адам да бір – аспандап ұшқан құс та бір. Ол құсты шырқау биікке алып ұшатын қанат бар, ол құсты көксеген жеріне алып баратын талап бар. Ол құстың көкірегіндегі арманы аспаннан құйылатын әсем ән боп төгіледі. Ол құстың жүрегіндегі сыры айлы түнгі аспандағы жұлдыз боп жарқырайды. Сол әннің айтылмай жатып таусылғаны қиын. Жұлдыздың мезгіліне жетпей сөнген қиын. Әсем гүлдің ажары тым ерте солса – сол қиын. Көрікті ердің базары тым ерте тарқаса – сол қиын.
Су – егінді суарсын, селге айналып жапырмасын. Жел – ауаны тазартсын, дауыл боп сапырмасын. Күн – сәулесін төксін, өрт болып жандырмасын, өкінішке қалдырмасын.
Ақылдан жақын дос жоқ, ашудан жаман қас жоқ.
Өзін бір ойлап, өзгені екі ойлаған ер – нағыз ер. Кеудеңде жан барда, адам атына дақ түсірме. Аштан өлсең өл, тек азғындап өлме. Арсыз өмірден адал ажал артық.
Ыбырай Жақаев.
03 қыркүйек 2018 ж. 2 063 0